» Материалы за Ноябрь 2016 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Бюджет на 2016г

Автор: admin от 29-11-2016, 23:05, посмотрело: 248

0 BYuDZhET.pdf [133,44 Kb] (cкачиваний: 2)

Категория: Утвержденный бюджет

 

Тәуелсіздік тірегі-төл теңге!

Автор: admin от 29-11-2016, 02:27, посмотрело: 286

0 Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы: Ұлттық валюта - теңге күні. 1997 жылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 15 қараша - төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Төл валютамыздың алғаш пайда болуы, өзгеруі және түрленуі тарихына көз жүгіртетін болсақ:
1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды.
1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді.
Теңге Ұлыбританияда басылып шықты.
1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.
Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.
Ұлттық банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп, 1 теңге 500 сомға бекітілді.
Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2, 5, 10, 20 және 50 теңге номиналды монеталар шықты.
Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Қазір банкнот - Ұлттық банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
2006 жылы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілді.
Тәуелсіздік тірегі-төл теңге!
Тәуелсіздік тірегі-төл теңге!
Тәуелсіздік тірегі-төл теңге!
Тәуелсіздік тірегі-төл теңге!
Тәуелсіздік тірегі-төл теңге!
29.11.2016ж

Категория: История школы

 

Жемқорлыққа қарсы күрес!

Автор: admin от 29-11-2016, 02:19, посмотрело: 303

0 Сыбайлас жемқорлық — әлеуметік бәле!

Сыбайлас жемқорлық — әзiрше әлемнiң бiр-де бiр елi жеңiп шыға алмаған әлеуметтiк бәле. Сыбайлас жемқорлыққа шек қоюға, әлеуметтiк қатынастарды қоғамға зиян келтiрiп мүмкiндiктерiн асыра пайдаланудан мүмкiндiк шегiнде жағдай жасауға болады.

Әлемнiң барлық мемлекеттерi осы бәлеге тап болып отыр. Сонымен қатар қазiргi заманғы жағдайда сыбайлас жемқорлық мемлекеiшiндiк проблемадан бiртiндеп ғаламдық проблемаға айналып бара жатыр.

Қазiргi заманғы қазақстан қоғамында сыбайлас жемқорлықтың себептерi мыналар болып табылады:
1.Қазақстан Республикасындағы адам және азамат құқықтары саласында халықтың құқықтық мәдениетiнiң төмен-деңгейi;
2.Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, ұйымдар, барлық жеке меншiк нысанындағы кәсiпорындардың басшылық құрамын құруда кадрлар iрiктеудiң жетiлмегендiгi;
3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәрбиесi және оқу орындарында, ең алдымен жоғарғы оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсiнiк қалыптастыру жүйесiнiң болмауы;
4.Мемлекеттiк органдардың шенеунiктерiнiң, мемлекеттiк ұйымдардың,мекеме және кәсiпорындардың басшыларының арасында ашық түрде мүлкi, табысы және оның көзi туралы жариялаудың болмауы;
5.Кейбiр шапшаң өсетiн басшылардың мемлекеттiгi, азаматтығы және патриотизмiнiң төмен-деңгейi;
6.Мемлекеттiк қызметшiлердiң жалақысының және мемлекеттiк қызметшiлердiң әлеуметтiк қорғалуының ынталандыру шараларының төмендiгi;
7.Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгi мен кәсiбилiк-деңгейiнiң төмендiгi;
8.Мемлекеттiк басқару саласынан табыс етiлетiн елдiң үкiметтiк емес ұйымдары ұсынатын әлеуметтiк қызметтер саласы жазықтығының тарлығы.

Сыбайлас жемқорлық жалпы қылмыспен қатар Қазақстанда мемлекеттiк билiк және қоғам үшiн қауiптi.

Категория: История школы

 

Салауатты өмір салты!

Автор: admin от 29-11-2016, 02:14, посмотрело: 272

0 Елбасының ел денсаулығын көтеру барысында айтылған сөздердің бірі де бірегейі — "ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу”. Салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтырумен айналысу. Дене шынықтыру спортын көтеруге көбірек көңіл бөлу. Салауатты Қазақстан болуға апаратын негізгі бағыттардың бірі осы болса керек. Ауасы таза, суы тұнық таулы өлкеде тұратын метебіміздің ұстаздары мықты денсаулықтарының одан да жоғары болуы үшін спорттық шараларды үнемі ұйымдастырып жүреді. Солардың бірі 26.11.2016 ж өткен "Волейбол" ойынынан жарыс:Салауатты өмір салты!
Салауатты өмір салты!
Салауатты өмір салты!
Салауатты өмір салты!

Категория: История школы

 

Бала-біздің болашағымыз!

Автор: admin от 29-11-2016, 02:08, посмотрело: 318

0 Тәуелсіз еліміздің болашағы - балалар. Осы уақытқа дейін аткарылған істердің жалғастырушысы да, қоғамның тегершігін алға айналдыратын да солар болады. Елбасымыз өз сөзінде: «Біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар. Қазіргі заманда кез - келген мемлекеттің тыныс-тіршілігін қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды шарты - адамдардын өздері, олардың ерік - жігері, қажыры, білімі болып табылады. Ата - аналар өз балаларын өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Олар қазіргі балалар елдің болашағын анықтайтын XXI ғасырдың ересек адамдары екенін түсінуі қажет,» - деп үлкен сенім білдіреді. Барлық жағдай жасалған. Елдің болашағы ретінде балалардың мүддесін ойлау, құқығын қорғау -иманды істің бірі. Жас жеткіншектердің шығармашылығын дамытуға, рухани байлық алуына көптеген игі іс-шаралар ұйымдастырылуда, отанға деген сүйспеншілік, туған жерге деген махаббат, бейбітшілік пен достық, мемлекеттік рәміздер мен еліміздің мемлекеттік тілі - бәрі балаларға арналған іс-шаралардың негізгі тақырыбы. Ел көлемінде атқарылып жатқан мұндай игі шаралар балғын болашағымыз - балалардың білім ұясын реттеуге бағытталады.
Бала-біздің болашағымыз!
Бала-біздің болашағымыз!
Бала-біздің болашағымыз!
Бала-біздің болашағымыз!
Бала-біздің болашағымыз!


Категория: История школы

 

"Шабыт" ақындар жарысы

Автор: admin от 29-11-2016, 02:02, посмотрело: 238

0 Мектебімізде дарынды оқушыларымыздың қатысуымен "Шабыт" ақындар жарысы өткізілді:
"Шабыт" ақындар жарысы
"Шабыт" ақындар жарысы
"Шабыт" ақындар жарысы
"Шабыт" ақындар жарысы

Категория: История школы

 

ТЖ Департаментінің қызметкерлерімен кездесу

Автор: admin от 29-11-2016, 01:56, посмотрело: 244

0 2016 жылы 18 қазанында ТЖ мектебімізде АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша дәріс өткізді.
Дәріс барысында АИТВ жұқпасының Алматы қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдайы, берілу жолдары және алдын алу шаралары сұрақтары қарастырылды.
Дәріске 95 адам қатысты. Барлығына қысқаша мазмұндалған АИТВ/ЖИТС бойынша негізгі түсініктер ақпараттық-оқу құралдары (кітапшалар, үнпарақтар), сонымен бірге жеке қорғаныс құралдары таратылды.

Категория: История школы

 

Жасөспірім қыз баланың табиғаты

Автор: admin от 29-11-2016, 01:47, посмотрело: 358

0 №108 мектептің 8-10 сынып қыз балаларымен № 1 қалалық перенаталдық орталығының акушер-гинекологтары дәріс сабағын жүргізді. Қыз бала гигиенасына байланысты толық ақпарат беріп, емін-еркін қыздармен әңгімелесті.

«Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады, біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.
Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады, - деді гинеколог. Әсіресе, қыз балалардың бетіне шығатын безеуді сығуға болмайтынын ескертті. Зиянды заттардан аулақ жүруге шақырды. Өйткені, ол тікелей ұрпаққа әсер ететіні белгілі. «Қыздар – ұлттың келбеті» деп дәрістерін түйіндеді.Жасөспірім қыз баланың табиғаты
Жасөспірім қыз баланың табиғаты
Жасөспірім қыз баланың табиғаты

Категория: История школы

 

"Дала поштасы" акциясы

Автор: admin от 29-11-2016, 01:36, посмотрело: 285

0 Шара Қазақстан жастарының тәрбиелеуге және Ұлы Отан Соғысындағы Жеңісті есте тұту мақсатында жүзеге асырылады. Науқанға ниет білдірген барлық қазақстандық қатыса алады, ол үшін сіздерге көзі тірі ардагерлерге ашық аспан мен бейбіт өмір сыйлағандары үшін алғыс білдіріп, хат жазып жіберу керек. Бұл шараға қатысушылар 7 сынып оқушылары Разбан Ареана мен Куприн Роман өздерінің ақ тілектерін білдіруде...

Категория: История школы

 

Нашақорлыққа жол жоқ!

Автор: admin от 29-11-2016, 01:24, посмотрело: 288

0

Бабаларымыз «Аурудың алдын ал, жаудың алдын ал, қайта көтерілген даудың алдын ал» деген екен. Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінде күн тәртібіндегі ең басты мәселенің бірі болып келеді. Есiрткi жер бетiн әбден жайлап алды. Кез келген мемлекеттiң алдында нашақорлыққа күрес ашық жарияланып отыр. Қазақтың тегiнде болмаған есiрткi қазiргi таңда есiрiп кеткен. Сарапшылардың пiкiрiнше, бiздiң елiмiз тiптi есiрткi саудасының жол торабына айналған. Жыл сайын есiрткiмен күрес шараларына бөлiнетiн қаржының көбеюiне қарамастан нашақорлар саны күннен күнге өсiп келедi.
Қазiр Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 54 мыңға жуық нашақор тiркеуде тұр. Бұл бiрнеше рет көзге түсiп тiркелгендерi. Тiркелмегендерiнiң қанша екенi әзiрге белгiсiз. Республикамызда нашақорларды емдейтiн 9 орын бар екен. Үстiмiздегi жылы мамандар нашақорлыққа бас ұрған адамдарға арнайы тексеру жұмыстарын жүргiзген. Нәтижесiнде нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейiнгi жастар мен әйел адамдар екенi анықталған. Есiрткi таратуға қарсы қылмыстық жаза күшейтiлсе де, нашақорлардың саны азаяр емес.
Нашақорлық-тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы. Дүниежүзі елдерін жайлап, күн сайын тамырын тереңге жайып, асқынып бара жатқан нашақорлықтың мұншалықты етек алуы неден деген сұраққа жауап іздеп көрейікші. Менің ойымша, оның басты себебі- еліктеушілік, отбасындағы тәрбиенің тізгіннен кетуі, немесе жан күйзелісі, жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық болуы да мүмкін. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әр түрлі. Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады... осы мәселелерді мектеп басшылығы көтеріп, жоғарғы сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді.


Категория: История школы

 
Назад Вперед