» » Жасөспірім қыз баланың табиғаты

 
 
 

Жасөспірім қыз баланың табиғаты

Автор: admin от 29-11-2016, 01:47, посмотрело: 227

0 №108 мектептің 8-10 сынып қыз балаларымен № 1 қалалық перенаталдық орталығының акушер-гинекологтары дәріс сабағын жүргізді. Қыз бала гигиенасына байланысты толық ақпарат беріп, емін-еркін қыздармен әңгімелесті.

«Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады, біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.
Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады, - деді гинеколог. Әсіресе, қыз балалардың бетіне шығатын безеуді сығуға болмайтынын ескертті. Зиянды заттардан аулақ жүруге шақырды. Өйткені, ол тікелей ұрпаққа әсер ететіні белгілі. «Қыздар – ұлттың келбеті» деп дәрістерін түйіндеді.Жасөспірім қыз баланың табиғаты
Жасөспірім қыз баланың табиғаты
Жасөспірім қыз баланың табиғатышаблоны для dle

Категория: История школы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.