» » Жемқорлыққа қарсы күрес!

 
 
 

Жемқорлыққа қарсы күрес!

Автор: admin от 29-11-2016, 02:19, посмотрело: 556

0 Сыбайлас жемқорлық — әлеуметік бәле!

Сыбайлас жемқорлық — әзiрше әлемнiң бiр-де бiр елi жеңiп шыға алмаған әлеуметтiк бәле. Сыбайлас жемқорлыққа шек қоюға, әлеуметтiк қатынастарды қоғамға зиян келтiрiп мүмкiндiктерiн асыра пайдаланудан мүмкiндiк шегiнде жағдай жасауға болады.

Әлемнiң барлық мемлекеттерi осы бәлеге тап болып отыр. Сонымен қатар қазiргi заманғы жағдайда сыбайлас жемқорлық мемлекеiшiндiк проблемадан бiртiндеп ғаламдық проблемаға айналып бара жатыр.

Қазiргi заманғы қазақстан қоғамында сыбайлас жемқорлықтың себептерi мыналар болып табылады:
1.Қазақстан Республикасындағы адам және азамат құқықтары саласында халықтың құқықтық мәдениетiнiң төмен-деңгейi;
2.Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, ұйымдар, барлық жеке меншiк нысанындағы кәсiпорындардың басшылық құрамын құруда кадрлар iрiктеудiң жетiлмегендiгi;
3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәрбиесi және оқу орындарында, ең алдымен жоғарғы оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсiнiк қалыптастыру жүйесiнiң болмауы;
4.Мемлекеттiк органдардың шенеунiктерiнiң, мемлекеттiк ұйымдардың,мекеме және кәсiпорындардың басшыларының арасында ашық түрде мүлкi, табысы және оның көзi туралы жариялаудың болмауы;
5.Кейбiр шапшаң өсетiн басшылардың мемлекеттiгi, азаматтығы және патриотизмiнiң төмен-деңгейi;
6.Мемлекеттiк қызметшiлердiң жалақысының және мемлекеттiк қызметшiлердiң әлеуметтiк қорғалуының ынталандыру шараларының төмендiгi;
7.Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгi мен кәсiбилiк-деңгейiнiң төмендiгi;
8.Мемлекеттiк басқару саласынан табыс етiлетiн елдiң үкiметтiк емес ұйымдары ұсынатын әлеуметтiк қызметтер саласы жазықтығының тарлығы.

Сыбайлас жемқорлық жалпы қылмыспен қатар Қазақстанда мемлекеттiк билiк және қоғам үшiн қауiптi.шаблоны для dle

Категория: История школы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.