Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жасөспірім қыз баланың табиғаты

Автор: admin от 29-11-2016, 01:47, посмотрело: 778

0 №108 мектептің 8-10 сынып қыз балаларымен № 1 қалалық перенаталдық орталығының акушер-гинекологтары дәріс сабағын жүргізді. Қыз бала гигиенасына байланысты толық ақпарат беріп, емін-еркін қыздармен әңгімелесті.

«Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады, біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.
Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады, - деді гинеколог. Әсіресе, қыз балалардың бетіне шығатын безеуді сығуға болмайтынын ескертті. Зиянды заттардан аулақ жүруге шақырды. Өйткені, ол тікелей ұрпаққа әсер ететіні белгілі. «Қыздар – ұлттың келбеті» деп дәрістерін түйіндеді.Жасөспірім қыз баланың табиғаты
Жасөспірім қыз баланың табиғаты
Жасөспірім қыз баланың табиғаты

Категория: История школы

 

"Дала поштасы" акциясы

Автор: admin от 29-11-2016, 01:36, посмотрело: 555

0 Шара Қазақстан жастарының тәрбиелеуге және Ұлы Отан Соғысындағы Жеңісті есте тұту мақсатында жүзеге асырылады. Науқанға ниет білдірген барлық қазақстандық қатыса алады, ол үшін сіздерге көзі тірі ардагерлерге ашық аспан мен бейбіт өмір сыйлағандары үшін алғыс білдіріп, хат жазып жіберу керек. Бұл шараға қатысушылар 7 сынып оқушылары Разбан Ареана мен Куприн Роман өздерінің ақ тілектерін білдіруде...

Категория: История школы

 

Нашақорлыққа жол жоқ!

Автор: admin от 29-11-2016, 01:24, посмотрело: 624

0

Бабаларымыз «Аурудың алдын ал, жаудың алдын ал, қайта көтерілген даудың алдын ал» деген екен. Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінде күн тәртібіндегі ең басты мәселенің бірі болып келеді. Есiрткi жер бетiн әбден жайлап алды. Кез келген мемлекеттiң алдында нашақорлыққа күрес ашық жарияланып отыр. Қазақтың тегiнде болмаған есiрткi қазiргi таңда есiрiп кеткен. Сарапшылардың пiкiрiнше, бiздiң елiмiз тiптi есiрткi саудасының жол торабына айналған. Жыл сайын есiрткiмен күрес шараларына бөлiнетiн қаржының көбеюiне қарамастан нашақорлар саны күннен күнге өсiп келедi.
Қазiр Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 54 мыңға жуық нашақор тiркеуде тұр. Бұл бiрнеше рет көзге түсiп тiркелгендерi. Тiркелмегендерiнiң қанша екенi әзiрге белгiсiз. Республикамызда нашақорларды емдейтiн 9 орын бар екен. Үстiмiздегi жылы мамандар нашақорлыққа бас ұрған адамдарға арнайы тексеру жұмыстарын жүргiзген. Нәтижесiнде нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейiнгi жастар мен әйел адамдар екенi анықталған. Есiрткi таратуға қарсы қылмыстық жаза күшейтiлсе де, нашақорлардың саны азаяр емес.
Нашақорлық-тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы. Дүниежүзі елдерін жайлап, күн сайын тамырын тереңге жайып, асқынып бара жатқан нашақорлықтың мұншалықты етек алуы неден деген сұраққа жауап іздеп көрейікші. Менің ойымша, оның басты себебі- еліктеушілік, отбасындағы тәрбиенің тізгіннен кетуі, немесе жан күйзелісі, жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық болуы да мүмкін. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әр түрлі. Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады... осы мәселелерді мектеп басшылығы көтеріп, жоғарғы сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді.


Категория: История школы

 

Қазаққа адал Асылы

Автор: admin от 29-11-2016, 01:10, посмотрело: 437

0 Мектебімізде «Тілге құрмет - елге құрмет» атты апталығымыз өтіп жатыр. Осыған орай 2016 жылғы қазан айының 10 жұлдызында мектеп әкімшілігі «Тәуелсіз елім, абыройлы Ана тілім!» деп жүрегі алып ұшқан, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері, «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері, филология ғылымдарының профессоры, Қазақстан халықтар ассамблеясының мүшесі, «Мемлекеттік тілге - құрмет» бірлестігінің төрайымы, Алматы облыстық әзірбайжан этно-мәдени орталығының төрайымы, қазақ халқына бүйрегі бұрып тұратын қазақтың Асылы - Осман Асылы Әлиқызымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты: Оқушыларды қоғам қайраткері, мемлекеттік тіл жанашыры Осман Асылы апаймен таныстырып, патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттеріне баулу.
Кездесу барысында мемлекеттік тілге, Асылы апайдың қызметіне байланысты видеоматериалдар көрсетілді, арнайы стенд жасалды.Қазаққа адал Асылы
Қазаққа адал Асылы
Қазаққа адал Асылы


Категория: История школы

 

Қарттарым- асыл қазынам!

Автор: admin от 29-11-2016, 00:59, посмотрело: 410

0 Қарт дегеніміз - ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да білетіні сондай терең. Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз «Қарттары бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керекті. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата- бабадан келе жатқан салтымыз. Ақсақалдарымыздың өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері, тәлім-тағлымдары ұрпақ үшін орны бөлек. Қай заманда болмасын қоғамда қарияларға деген құрмет, ізет-ілтипат ерекше болған, олардың даналықтары мен өмірден түйген мол тәжірибесіне ден қойып отырған. Жалпы айтқанда, қарттардың отырған жері бір береке ғой, шіркін! Сол кісілердің арқасында осындай тыныш заманда өмір сүріп отырғанымызды кейінгі ұрпақ білсе деген ізгі тілегім бар. «Өткен менен кеткенді көп жасаған қарт білер» демекші, кешегі Ұлы Отан соғыс жылдарында, сонау ел басына қиын- қыстау күн туып, «ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» аласапыран уақыттарда халықтың бейбіт заманда өмір сүруі үшін бастарын бәйгеге тігіп, өлім мен өмірдің ортасынан елін, жерін, тілін, дінін, салт- дәстүрін болашақ ұрпағына аман-есен жеткізді, біз, яғни жас ұрпақ сол үшін де қарыздармыз. Қарттарын ерекше құрметтеп, ардагерлерімізді ардақтаған елдің баласымыз. Абыз ақсақалдар дегенде ең алдымен кешегі Майқы би, Бұхар жырау, Төле, Әйтеке, Қазыбек билер мен дана Абай есімізге түсері анық, олардың даналығы бір ауыз сөзімен дүйім жұртқа төрелік айтып, елді аузына қаратқан ақсақалдардан кенде болған емеспіз.
Бүгінгі жас, ертеңгі - қария. Мұны әр бір қазақ азаматтары жадында сақтап, көңілге түйіп, атасыз үйлері - батасыз, анасыз үйлері - панасыз қалатынын ескерген дұрыс. Қарттарымыз бағасыз байлық, төрімізде отыруының өзі бір бақыт. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Аллаһ разылығы - ата-ана разылығында, Аллаһтың ашуы – ата-ананың ашуында жатыр», - деген. Сондықтан ақсақалдарымыздың қадіріне жетіп, құрметтейік, бас иеиік, өмір бойы борыштар екенімізді ұмытпайық.Қарттарым- асыл қазынам!
Қарттарым- асыл қазынам!
Қарттарым- асыл қазынам!
Қарттарым- асыл қазынам!
Қарттарым- асыл қазынам!
Қарттарым- асыл қазынам!

Категория: История школы

 

Желтоқсаншымен жүздесу

Автор: admin от 29-11-2016, 00:56, посмотрело: 432

0 Мектебімізде "Желтоқсан-86″ тәуелсіз күрескерлермен кездесу өтті. Қиын-қыстау заманның кейіпкерлері 1986 жыл 16 желтоқсанды терең күрсініспен еске алды және әрбір оқушының сауалына жауап қатып, пікірін тыңдап ой қорыта білді. Аталмыш шарадағы батыр апа-ағаларымыздың ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан қаралы да қасіретті күні тыңдап отырған бізді де бей-жай қалдырмады. Сондай-ақ, ерліктің ащы тұстары айтыла түсіп, жыл сайын күрескерлер ақталып, осы бір қазақтың қабырғасын қайыстырып, жүрегін сыздатқан "Желтоқсан оқиғасы” бүгінде қолға алынып, өзіндік мәртебеге ие болғандығы көңіл қуантатынын жасырмаймыз. Сан ғасыр арман еткен Тәуелсіздіктің туы қаһармандардың арқасында келіп жетіп, желбірей түсуде. Өкінішті сәттердің, соның ішінде, сан мыңдаған батырларымыздан қол үзіп қалғанымызбен, олардың қазақ деп ұрандатқан ащы айқайы әрдайым санамызда, жадымызда мәңгілік жаңғырып тұр. Кездесу, Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен аға-әпкелеріміздің әңгімелерімен қыза түсті. Олардың айтқан сөздері өскелең ұрпақты қайратты да, қайсар етеді деп ойлаймыз...Желтоқсаншымен жүздесу
Желтоқсаншымен жүздесу
Желтоқсаншымен жүздесу
Желтоқсаншымен жүздесу
Желтоқсаншымен жүздесу

Категория: История школы

 

"Спорттық алматы" жобасы

Автор: admin от 29-11-2016, 00:47, посмотрело: 410

0 Алматыда «Спорттық Алматы» атты бағдарлама бар. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл толуы және Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналған үлкен жоба. Бұл қала тұрғындары мен мектеп оқушыларының қатысуымен, спортпен үздіксіз айналысуын қамтамасыз етуге арналған бірегей бағдарламаның басты мақсаты бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Бұл жобаға біздің мектептің оқушыларыда жұмыла ат салысты."Спорттық алматы" жобасы
"Спорттық алматы" жобасы
"Спорттық алматы" жобасы
"Спорттық алматы" жобасы

Категория: История школы

 

Тіл апталығы

Автор: admin от 29-11-2016, 00:40, посмотрело: 482

0 Тіл –ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл-ұлттың жаны, тіл –ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.

Адамның мәдениеті тіл, сөйлеген сөзі арқылы көрінеді, сондықтан тіл мәдениетін оқушыларға қалыптастыру мақсатында мектебімізде тілдер күні мерекесіне орай онкүндік іс-шаралары ұйымдастырылды.

№108 мектепте өткен іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты. Негізгі мақсаты: оқушыларға өз ана тілінің қадір-қасиетін, құдіретін ұғындыру, тіл мәртебесін көтеру және білім деңгейлерін сарапқа салу. Басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіндіріп, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тіл апталығы
Тіл апталығы
Тіл апталығы
Тіл апталығы
Тіл апталығы
Тіл апталығы[center][img]

Категория: История школы

 

День знаний 1 сентября

Автор: admin от 29-11-2016, 00:24, посмотрело: 534

0 Первое сентября традиционно связанно с началом нового учебного года. В этот день все школьники, студенты, учащиеся, а так же учителя и преподаватели снова приступают к учебным будням, после долгих летних каникул. Традиционно в этот день в школах проходят торжественные линейки, посвященные началу учебного года. И на нашей школе прошла одна из таких торжественных ленейек. На линейке старшеклассник сажает на плечо первоклассницу, у которой в руках колокольчик. И они проходят круг почета, звеня колокольчиком, вот и прозвучал первый звонок.

В День знаний можно увидеть детей с букетами цветов, идущих в школу, в нарядных костюмах и платьях. Цветы, конечно же, будут вручены классным руководителям. Первые лица государства стараются традиционно поздравить с Днём знаний учителей и учеников.

Для некоторых детей, а именно первоклассников, 1 сентября характеризуется началом новой жизни, появлением новых друзей, ну и, конечно же, получением первых знаний.

ПОЖЕЛАНИЯ ОТ КОЛЛЕКТИВА ШКОЛЫ

В День знаний мы желаем всем школьникам, студентам, учащимся получить как можно больше полезных знаний в предстоящем учебном году. А так же получать только отличные оценки и весело проводить время в кругу своих друзей и одноклассников. Учителям и преподавателям желаем прилежных и послушных учеников, любите и цените их, конечно, иногда они бывают не послушные и ленивые, но это все таки ваши ученики, и вы сможете найти подход к каждому из них.
День знаний 1 сентября
День знаний 1 сентября
День знаний 1 сентября
День знаний 1 сентября

Категория: История школы

 

Традиция школы

Автор: admin от 21-11-2016, 20:53, посмотрело: 639

0 Традиция школы
Традиция школы
Традиция школы

Категория: История школы