Жалған хабар үшін жазаға тартылады. » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалған хабар үшін жазаға тартылады.
28
қыркүйек
2023

Жалған хабар үшін жазаға тартылады.

[media=https://www.instagram.com/reel/Cxuse2rtJ8f/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==]

ІІМ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін қандай жаза қарастырылатынын еске салды

Жалған терроризм – жай бұзақылық емес, қоғамдық тәртіпке қол сұғатын қауіпті қылмыс. Әрбір жалған қоңырау немесе хабарлама бейбіт тұрғындар арасында үрей тудырып, маңызды кәсіпорындардың жұмысының тоқтауына себеп болады. ІІМ осындай “орынсыз қалжың” үшін қандай жаза қарастырылатынын еске салды, – деп хабарлайды

Биыл ішкі істер органдары жалған терроризм фактілері бойынша 118 қылмыстық іс тіркеді. 21 қылмыстық іс бойынша күдіктілер анықталып, ұсталды. 11 адамға қатысты үкім шығарылды, олар түрлі қылмыстық жазаға тартылды, – деді ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев. Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген (Қылмыстық кодекстің 273-бабы “Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау”). – Мұндай қылмыс жасаған адамдар арасында кәмелетке толмағандар саны артқанын атап өткен жөн. Мәселен, өткен жылы терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлар жасағаны үшін 12 кәмелетке толмаған ұсталды, олардың үшеуі бас бостандығын шектеуге байланысты нақты қылмыстық жазаға тартылды. Биыл 11 жасөспірім ұсталды. Бүгінгі таңда төрт балаға қатысты іс қылмыстық жаза жасына жетпеуіне байланысты тоқтатылды. Олардың ата-аналары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша “Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау” жауапқа тартылды, оларға айыппұл салынды. Бірақ қалған балаларға қатысты тергеу жалғасуда, – деп атап өтті Дархан Разуев.