АҚЫН МҰРАТХАН ШОҚАНМЕН КЕЗДЕСУ » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АҚЫН МҰРАТХАН ШОҚАНМЕН КЕЗДЕСУ
22
қазан
2025

АҚЫН МҰРАТХАН ШОҚАНМЕН КЕЗДЕСУ

Көрнекті ақын, философ, қоғам қайраткері Мұратхан Шоқанмен әсерлі кездесу өтті. Кеш барысында ақын өз шығармашылығы туралы сыр шертіп, жастарға бағыт-бағдар беретін тұшымды ойларымен бөлісті.   Кездесу барысында оқушылар сырлы сөздің шебері, нәзік лирика мен терең ойдың ақыны  Мұратхан Шоқанның ғұмырбаяны мен өлеңдерін жатқа оқып, көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Мұратхан Шоқан поэзия мен руханияттың маңызы, ұлттық сана, тіл тағдыры жайлы терең ой қозғап, жас ұрпақты білім мен ізгілікке үндеді.   Кездесу рухани әсерге толы болды. Жастар үшін тағылымды әрі шабыт сыйлаған кездесу соңында  Алматы қаласы Жетісу ауданы «Аманат» партиясының төрағасы Асылбек Сатаев сөз алып, ақынға игі тілектерін арнады. Ал №108 мектеп-гимназияның директоры Абдрахман Бибігүл Төлегенқызы мен №43 жалпы білім беретін мектеп директоры Құсайынов Ернат Ізбасарұлы Құсайынов  ақын Мұратхан Шоқанға бүкіл ұжымның атынан алғысын білдіріп, сый-құрмет көрсетті.