21
қазан
2025
«Менің Отаным — Қазақстан» атты салтанатты сынып сағаты

25 қазан — Республика күніне орай мектебімізде «Менің Отаным — Қазақстан» атты салтанатты сынып сағаты өтті. Бұл күн — еліміздің еркіндігі мен дербестігінің айғағы, тарихымыздың алтын парағы.
Сынып сағаты барысында: 🔹 Мемлекеттік Гимн орындалып, көк байрағымыз ұлықталды; 🔹 Оқушылар еліміздің тарихы мен жетістіктері туралы баяндама жасады; 🔹 Отан, туған жер туралы жыр шумақтары оқылды.
Мақсатымыз — өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, еліміздің жарқын болашағына үлес қосуға баулу. Республика күні құтты болсын, ағайын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!