15
мамыр
2020
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ ТАҒЗЫМ! ПОКЛОН ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЕ!
#Qaharman #ЖЕҢІСЕСІМДЕРІ#АРДАГЕРЛЕРДІАРДАҚТАЙЫҚ. Жетісу ауданы №108 жалпы білім беретін мектептің ұстазы Д.Жолдасов Ұлы жеңістің 75 жылдығына жыр шашуы.
Выступление учителя общеобразовательной школы №108 Жетысуского района д. Жолдасова к 75-летию Великой Победы.
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ ТАҒЗЫМ!
Бірлікпен тірлік жарасқан,
Ел болайық бағы асқан.
Ынтымақ болып ырысты,
Куә болсын жер-аспан.
Отқа оранған өтті жылдар уақыт,
Оқ атылған автоматтан боратып
40-миллион адамзатты жалмады,
Қасірет-қайғы қанша жанды жылатып.
75-жыл толды бүгін Жеңіске,
Шығармайды тарих мұны теріске.
Ел басына күн туғанда аттандап,
Атой салды ерлер қарсы неміске.
Бейбіт халық қарсыласты бірігіп,
Сұм соғыстың қаталдығын ұғынып.
Жауды жеңген татулықтың жемісі,
Ынтымақтың туын жықпай жұмылып.
Кетсін дұшпан қайта оралмай-келмеске,
Сұм соғыстың алапаты тұр есте.
Адам аман болса игі әлемде,
Бақыт деген сол амандық емес пе.
Құтты болсын баршаңызға жеңіс күн,
"9-шы Мамыр"
атаулы күн ұлы істің,
Бұзылмасын түн ұйқымыз бөлініп ,
Бейбітшілік заман билеп жер үстін.
Керек емес соғыс өрті ешкімге,
Тыныш өмір сүрсек жалған бес күнде.
Келер ұрпақ болашағына апарар,
Жолы даңғыл дұрыс болсын көштің де.
09.05.2020.