09
қыркүйек
2021
Еркінова Ақмарал Болатбекқызы
Мен, Еркінова Ақмарал Болатбекқызы, Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты №108 ЖББ мектептің 10”Б” сынып оқушысымын, өзімді мектеп президенті болу мақсатында ұсынып отырмын.
2005 жылдың 18 қыркүйегінде Алматы қаласында дүниеге келдім. Оқу озатымын және мектеп белсендісімін. Мектептегі домбыра, би, вокал үйірмелеріне қатысқанмын.Мектепте “Мирас” домбыра ансамбльның мүшесімін. Көркем сөз шеберімін. Мектептегі іс-шараларда қойылымдар қоюға да қатысамын.Әр оқушының мақсаты жақсы білім алып, мектепке өз үлесін қосу. Мен де өз үлесімді қосып, өзімнің жан-жақтылығымды көптеген аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық сайыстарда көрсетіп жүрмін. Спорт шараларынан да қалмаймын. Әсіресе, воллейбол спорт түрімен әуестенемін, мектепішілік сайыстарды өткізбей қатысамын. Әр оқушының мақсаты алынған білімді сайыстарда көрсетіп, дәлелдей білу. Сол сияқты мен аудандық қазақ тілі және әдебиеті пәнінің олимпиадасынан 1 орын, қала көлемінде 2 орын иелендім. Одан бөлек, қалалық М.Мақатаев оқуынан, 2019 жылғы “Тоғыз тосқауыл” танымдық-интеллектуалды ойынынан, “Жыр майданы” жыр додасынан, XII Халықаралық Ғұмырдария ән-жыр байқауынан 1-інші орынды қанжығама байлап қайттым. Қалалық М.Жұмабаев оқуларының “Өлең менің Шолпаным, Айым, Күнім” номинациясы бойынша 2 орын иегерімін. Мақала, эссе жазудан да жақсымын, мақалаларым “Алматы ықшамы” газетіне шыққан, эссе жазу сайыстарынан да жетерліктей жетістіктерім бар. Ары қарай да мектеп шараларына белсене қатысудан, өз үлесімді қосудан тайынбаймын.
Бағдарлама
Біз мектеп өкілдерімен ақылдаса келе келесі шараларды өткізбекшіміз.
• Әр мерекеге байланысты жәрмеңке өткізу;
• Әр апта сайын 5-7 сыныптар арасында футбол, 8-11 сыныптар арасында воллейбол, баскетбол жарыстарын ұйымдастырып отыру;
• Әр жыл соңы біткен сайын, оқушыларға әр қазақ ақындарының өлеңдерін, поэмаларын жаттауға тапсыру. Біріншіден, жаз кезінде уақыты бос өтпейді. Екіншіден, жаңа ақпарат қабылдайды. Өз тапсырмасын тыңғылықты орындай алған оқушы өнерін аудандық, қалалық, республикалық кезеңдерде көрсетеді