Асенов Самат » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Асенов Самат
09
қыркүйек
2021

Асенов Самат

Мен, Асенов Самат, Алматы қаласындағы Жетісу ауданы №108 ЖББ мектептің 9 «В» сынып оқушысы, өзімді мектеп президенті болу мақсатында ұсынып отырмын.
2006 жылдың 18 шілдесінде Алматы қаласында дүниеге келдім.Қазір №108 жалпы білім беретін мектептің 9В сыныбында оқимын. Бос уақытымда воллейбол спорт түрімен әуестенемін, бұл еңбегімнің жемісін 6 аудандық Спортакиадаға қатысып 1 орын жүлдегері болу арқылы көрдім. Оған қоса, көптеген қайырымдылық қорларына волонтерлық позициямды қарттар уйіне бару, мүмкіндіктері шектеулі балаларға қойылым, концерттер қою арқылы айқындадым. Мектебіміздің әр оқушысының мақсаты-ол алынған терең білімді түрлі сайыстарда көрсету болып табылады, мен де өз үлесімді қосу үстіндемін. Мысалы, Республикалық олимпиадаларға қатысып, информатика пәнінен 1 орын, физика пәнінен 3 орын иелендім. Мектебімізде өткізілген барлық іс-шараларға өз үлесімді қостым. 2017 жылы “Қазақ хандығына 550 жыл” атты сахналық көріністерде де өнер көрсеттім. 2020-2021 жылы мектеп іс-шараларына атсалысып, өз үлесімді қосудан тайынбаймын.
Оқушының жетістіктері:
-Дарын Республикалық онлайн олимпиада бойынша информатика пәнінен 1 орын, физика пәнінен 3-орын иегері.
-Алматы қаласында өткен Республикалық WRO 2019 робототехника олимпиадасының қатысушысы
Бағдарлама
Біз мектеп өкілдерімен ақылдаса келе келесы шараларды өткізбекшіміз.
-Жыл сайын өткізіліп келе жатқан жәрменкелерді, мектеп оқушыларымен біріге ұйымдастыру.
-Сыныптар арасында футбол, баскетбол, волейбол және тағы басқа спорт түрелрінен сыныптар арасында сайыстарды ұйымдастыру.
-Мектепте киберспортпен айналысатын немесе қызғатын оқушылардың қарасы көп болғандықтан, ең көп сұранысқа ие ойындарға турлар жасау. Мысалы: “Among us”, “CS;Go”және тағыда басқалары.
-Суретке қызығушылығы бар оқушылардың талантын ашып, олар өз жұмытарын көпшілік алдына ұсынуы үшін скетчтар көрмесін ұйымдастырмақшымыз.
-Жұма күндері сабақтан кейін оқушылар мен мектеп мұғалімдеріне арнап “Film Eve” кешін ұйымдастыру. Бұл кеште оқушылар ата,анасының рұқсатымен сабақтары аяқталған соң ,кітапханада немесе акт залында жиналып попкорн және түрлі сусындармен фильмді тамашалай алады.