03
қыркүйек
2024
Асханадағы тәртіп ережелері
Оқушылардың асханада өзін-өзі ұстау ережелері:
- Асханаға асықпай барған дұрыс, сыныппен бірге тағайындалған уақытта барыңыз.
- Үстел басында орын аламын деп асханаға жүгіріп кірудің және соның кесірінен басқа оқушыларды итермелеудің қажеті жоқ.
- Кезекке тұруды әдетке айналдырыңыз.
- Асханада жүрген кезде құлап қалмас үшін аяқ астына қарап жүріңіз.
- Үстел басына отырмас бұрын қолды жууды ұмытпаңыз.
- Өзіңізді не біреуді жарақаттап алмас үшін шанышқыны пайдаланған кезде сақ болыңыз.
- Ыстық сорпа не шайды өзіңізге не болмаса көршіңіздің үстіне төгіп алмаңыз.
- Үстел басында тік отырыңыз, аяқты айқастырып отырмаңыз, көршіңізді итермеңіз және шынтақты үстел үстіне қоймай отырыңыз.
- Тамақ ішу барысында тыныштық сақтаңыз, қатты сөйлемеңіз және тамақты тамсанып, шылпылдатып жемеңіз, ыстық асты үрлемеңіз, шанышқымен не болмаса қасықпен кесені не тарелкені тықылдатпаңыз.