№108 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Бектенов Хангелді 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық "Мақжан оқулары" ғылыми-шығармашылық байқауының қалалық кезеңіне қатысып, жүлделі 1 орын иеленді. Республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Жәмәли А.Ә.
№108 мектеп-гимназиясында №5 қалалық емхана психологы және С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің студенті Маликова Ақмарал Абдукаликовна мектеп оқушыларымен "Кибербуллинг" тақырыбында кездесу өткізді.
№108 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Секенбек Гүлім Кеңес Одағының Батыры Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай және ерлігін еске алу мақсатында Жетісу ауданы мектептерінің оқушылары арасында пневматикалық мылтық атудан өткізілген аудандық "Мерген аруы-2025" жарысында шынтағымен бағанға немесе тіреуге сүйеніп тұрып ату номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Намазбаев М.М.