Ершат Қайболдин.
Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты №108 жалпы білім беретін мектепте 25 қазан Республика күніне орай Ершат Қайболдинге арналған «О,Отаным, менің көркем мекенім!» атты жас ақындар жыр кеші ұйымдастырылды.
Ақындық пен ұстаздық – қос қанатым,
Екеуі де бәйгеден тосқан атым.
Қатар сермеп биікке самғай алсам,
Қос қанаттан несі бар жасқанатын, -демекші, ақынның алқына соққан жүрегінің дүрсілі, ақжарқын жанының алаулы оты, жастығының көкжасыл жазы әрбір ұстаздың жүрегін елітіп әкетті. Кеште мектеп ұстаздары мен оқушылары ақынның шығармаларынан өлеңдер оқып, әндерін жатқа айтты. Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады деген екен, ақындарымызға қалай құрмет көрсетсек те артықшылық етпейді. Бізді сусындатар сарқылмас мәңгі жырларыңыздың алдында басымызды иеміз. Жыр әлеміндегі туындыларыңыз ешқашан сарқылмасын. Сүйіп тыңдар оқырмандарыңыз көп болсын! Кештің мақсаты: Ершат Қайболдин поэзиясының халыққа кең таралуының мәні мен оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру,ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну, поэзия әлемінің сырын ашу.
[медиа=https://www.instagram.com/reel/Cj98oWvDH6t/?utm_source=ig_web_copy_link]
По случаю Дня Республики 25 октября в общеобразовательной школе №108 Жетысуского района города Алматы «О, Родина моя, мой прекрасный край!», посвященный Ершату Кайболдину. Был организован вечер юных поэтов.
Поэзия и учение - два моих крыла,
Оба выбыли из гонки.
Если я могу качаться высоко,
Нечего бояться двойных крыльев, - поэтому стук бьющегося в горле сердца поэта, обжигающий огонь его доброй души, сине-зеленое лето его юности уносило сердце каждого учителя. Вечером школьные учителя и ученики читали стихи из произведений поэта и декламировали свои песни. Говорят, что страна, которая уважает своих поэтов, процветает, а страна, которая не уважает своих поэтов, погибает. Мы склоняем головы перед вашими неиссякаемыми вечными песнями, которые заставляют нас пить. Пусть ваши творения в мире песен никогда не иссякнут. Пусть у вас будет много читателей, которые любят и слушают! Цель вечера: познакомить и объяснить народу смысл поэзии Ершата Кайболдина и тайну ее жизненной силы, представить публике песни, написанные поэтом, раскрыть тайну мира поэзии.