Іс-шаралар » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Іс-шаралар
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні
04
мамыр
2026
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні
Мерекелік кеш барысында ұстаздар мен қызметкерлерге жылы лебіздер айтылып, ән-бимен өрілген әсем концерттік бағдарлама ұсынылды. Ел тыныштығы мен ұрпақ болашағы жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс білдіріліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды.Отан қорғаушылар күні – ерлік пен батырлықтың, жауапкершілік пен елге деген сүйіспеншіліктің символы.Барша ер азаматтарды мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілейміз!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы
25
сәуір
2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы
№108 мектеп-гимназиясының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты. Аталған акция экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған.
Ата-аналар жиналысы
23
сәуір
2026
Ата-аналар жиналысы
№108 мектеп-гимназиясының базасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелеріне арналған кезекті ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыстың негізгі мақсаты: Ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, балалардың интернеттегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздігін бақылауды күшейту, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл ережелерін түсіндіру.
“Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы”
15
сәуір
2026
“Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы”
Жетісу ауданы №108 мектеп-гимназиясында “Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы” атты онкүндігіне “Шығармашылық интеллегенция Қазақстан балаларына” атты Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің мұғалімі және әдіскері Жакипова Р.М. кездесу  ұйымдастырылды.  Мақсаты:  * Оқушылардың бейнелеу өнері мен дизайн саласына деген ынтасын ояту; * Шығармашылық мамандықтардың қыр-сырын таныстыру; * Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру.
“Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы”
14
сәуір
2026
“Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы”
Жетісу ауданы №108 мектеп-гимназиясында “Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы” атты онкүндігіне орай бастауыш сынып оқушыларына “Менің сүйікті журналым” атты ашық тәрбие сағаты өтті.Мақсаты.Оқушылардың кітап пен баспасөзге деген қызығушылығын арттыру, түрлі журналдармен таныстыру арқылы олардың оқу мәдениетін қалыптастыру және ой-өрісін кеңейту. Сонымен қатар, өз сүйікті журналын таныстыра отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
“Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы” атты онкүндік
13
сәуір
2026
“Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы” атты онкүндік
Бүгін мектебімізде ерекше кездесу өтті. Оқушыларымыз белгілі маман Раушан Ғалымжанқызымен жүздесіп, ғылым әлемінің тылсым сырлары мен болашақ технологиялар туралы еркін форматта сұхбаттасты. Кездесу барысында: 🔹 Қазіргі заманғы ғылыми жаңалықтар; 🔹 Білім мен ізденістің маңыздылығы; 🔹 Жаңа технологиялардың күнделікті өмірге әсері талқыланды. Оқушылар көкейде жүрген сауалдарын қойып, ғылым жолындағы алғашқы қадамдар туралы құнды кеңестер алды. Раушан Ғалымжанқызына мазмұнды әңгімесі мен бөліскен
Тұсауы кесілген талап
18
наурыз
2026
Тұсауы кесілген талап
Тұсауы кесілген талап: №108 мектеп-гимназиясында 0-сынып бүлдіршіндері Наурыз мейрамын тойлады Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы қарсаңында мектебіміздің мектепалды даярлық сыныптарында «Армысың, әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл шара бүлдіршіндердің ұлттық салт-дәстүрге деген алғашқы қадамдарын айқындап, мерекелік рух сыйлады. Мереке барысында 0-сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салды:
ЖАҢАРУ КҮНІ
17
наурыз
2026
ЖАҢАРУ КҮНІ
№108 мектеп-гимназиясында Жаңару күні атап өтілді Көктемнің шуақты күндерімен қатар келген Наурызнама онкүндігі аясында мектебімізде Жаңару күні ерекше мазмұнда өтті. Бұл күн — өткенге есеп беріп, болашаққа жаңа жоспарлар құрудың, рухани жаңғыру мен таза ниеттің символы.
«Тазару күні»
16
наурыз
2026
«Тазару күні»
Табиғат – тал бесігіміз: №108 мектеп-гимназиясында «Тазару күні» өтті Наурыз мейрамының рухани және экологиялық мәнін аша түсетін Тазару күні біздің мектеп-гимназиямызда жоғары деңгейде атап өтілді. Халқымыздың «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» деген аталы сөзін ту еткен бұл күн қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық тәрбиеге бағытталды.
«Ұлттық киім – ұлт қазынасы»
13
наурыз
2026
«Ұлттық киім – ұлт қазынасы»
Наурызнама онкүндігі аясында мектебімізде қазақы болмысты дәріптеуге бағытталған «Ұлттық киім – ұлт қазынасы» атты кең көлемді челлендж өтті. Бұл бастамаға мектеп әкімшілігінен бастап, ұстаздар қауымы, техникалық қызметкерлер және барлық сынып оқушылары бір кісідей атсалысты. Челлендждің басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында ұлттық кодты сақтау, қазақтың төл киімдерін күнделікті өмірде мақтанышпен кию мәдениетін қалыптастыру. Шара барысында мектеп дәліздері нағыз этно-ауыл бейнесіне енді.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 83 Вперед