“Қазақстан - ортақ үйіміз”
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1 мамыр - Бірлік күніне орай мектебімізде “Қазақстан - ортақ үйіміз” тақырыбында мерекелік байқау ұйымдастырылды. 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл – бейбіт өмірдің, ынтымақ пен достықтың мерекесі. Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп келеді. Олардың әрқайсысы өз мәдениеті мен дәстүрін сақтап, еліміздің дамуына үлес қосып келеді.