"Төлеген- ерлік дастаны"
Алматы қаласы, Жетісу ауданы №108 мектеп-гимназиясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында, Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың құрметіне ескерткіш тақтаны ашу салтанаты ұйымдастырылды. Іс-шараға №108 мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушылары белсене қатысты. Төлеген Тоқтаров 1920 жылы 19 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қарақұдық ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1938 жылы он жеті жасында Риддер қаласының маңындағы қорғасын зауытына жұмысқа