Атадан қалған асыл сөз
Жетісу ауданы Білім бөлімінің жоспарына сәйкес №108 жалпы білім беретін мектептің оқу тәрбие жоспары негізінде 5-7 сынып оқушылары арасында «Атадан қалған асыл сөз» атты шешендік сөз байқауы өтті. Мақсаты: Халқымыздың сандаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу, тілдерін дамыту. Ұйымдастырған: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абылкасымова Г.К.