Жетістіктеріміз » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетістіктеріміз
"Абай қалдырған із- мәңгі мұра"
21
мамыр
2025
"Абай қалдырған із- мәңгі мұра"
Алматы қаласы, Жетісу ауданы №108 мектеп-гимназиясында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай "Абай қалдырған із- мәңгі мұра" тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар барысында Абай ауылы көрініс тапты, мектеп мұғалімдері мен оқушылары белсене атсалысты. 
80 жылдығына байланысты өткізілген іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар марапатталды
02
мамыр
2025
80 жылдығына байланысты өткізілген іс-шараларға белсене қатысқан
Алматы қаласы, Жетісу ауданы 108 мектеп-гимназиясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты өткізілген іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы – біз үшін тек өткенді еске алу емес, сонымен қатар болашаққа үмітпен қарау, ерліктің, батырлықтың және халқымыздың бірлігінің белгісі.
"Абай оқулары" байқауының қалалық кезеңі
02
мамыр
2025
"Абай оқулары" байқауының қалалық кезеңі
Алматы қаласы Жетісу ауданы №108 мектеп-гимназияның  10-сынып оқушысы Жақсылық Абылай 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық  "Абай оқулары" байқауының қалалық кезеңіне қатысып, сертификат алды. Жетекшісі: Сванкулова Айгул Кудайбергеновна.
"Абай оқулары" байқауының қалалық кезеңі
02
мамыр
2025
"Абай оқулары" байқауының қалалық кезеңі
Алматы қаласы Жетісу ауданы №108 мектеп-гимназияның  10-сынып оқушысы Бектенов Хангелді 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық  "Абай оқулары" байқауының қалалық кезеңіне қатысып, жүлделі 1 ОРЫН иеленді. Республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Жәмәли Айбын Әбдімұхаметұлы.
"Төлеген- ерлік дастаны"
29
сәуір
2025
"Төлеген- ерлік дастаны"
Алматы қаласы, Жетісу ауданы №108 мектеп-гимназиясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында, Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың құрметіне  ескерткіш тақтаны ашу салтанаты  ұйымдастырылды. Іс-шараға №108  мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушылары белсене қатысты. Төлеген Тоқтаров 1920 жылы 19 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қарақұдық ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1938 жылы он жеті жасында Риддер қаласының маңындағы қорғасын зауытына жұмысқа
"Әбіш оқулары" республикалық  байқауының қалалық кезеңі
23
сәуір
2025
"Әбіш оқулары" республикалық байқауының қалалық кезеңі
Алматы қаласы Жетісу ауданы №108 мектеп-гимназияның  9-сынып оқушысы Сұлтамұрат Жангелді "Әбіш оқулары" республикалық  байқауының қалалық кезеңіне қатысып, жүлделі 2 ОРЫН иеленді.  Жетекшісі: Темирбекова Майра Абдиралыкызы.
"Әбіш оқулары" республикалық  байқауының қалалық кезеңі
23
сәуір
2025
"Әбіш оқулары" республикалық байқауының қалалық кезеңі
Алматы қаласы Жетісу ауданы №108 мектеп-гимназияның  8-сынып оқушысы Болатбекқызы Арайлым  "Әбіш оқулары" республикалық  байқауының қалалық кезеңіне қатысып, жүлделі 3 ОРЫН иеленді.  Жетекшісі: Егиншиева Салтанат Нурлыбековна.
"Әбіш оқулары" республикалық байқауының қалалық кезеңі "Сахналық қойылым" номинациясы
23
сәуір
2025
"Әбіш оқулары" республикалық байқауының қалалық кезеңі "Сахналық
Алматы қаласы Жетісу ауданы №108 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушылары  "Әбіш оқулары" республикалық байқауының қалалық кезеңіне "Сахналық қойылым" номинациясына қатысып, жүлделі 1 ОРЫН иеленді.  Республикаға жолдама алды. Жетекшісі: Рахманбекова Гулжан Токтасыновна.
«Желбірей бер, Жеңіс Туы, мәңгілік!»
21
сәуір
2025
«Желбірей бер, Жеңіс Туы, мәңгілік!»
Жетісу ауданы, №108 мектеп-гимназиясында  «Желбірей бер, Жеңіс Туы, мәңгілік!» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынның қонақтары: 1. «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу аудандық филиалының төрайымы Шакирова Тамара Мұхтархановна 2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара әскерлерінің құрметті ардагері Ертышпаев Қазақбай Зейнулович 3. Генерал-майор, Қазақстан қарулы күштерінің офицерлер  қоғамының төрағасы  Телегусов Махмуд Утегенович.  4. Ауған соғысының ардагері,
"Алматы БалаFEST" қалалық балалар фестивалі
10
сәуір
2025
"Алматы БалаFEST" қалалық балалар фестивалі
Алматы қаласы, Жетісу ауданы 108 мектеп-гимназиясының оқушысы Екзекова Томирис "Алматы БалаFEST" қалалық балалар фестивалі аясында өткізілген Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған "Бояулар құпиясы" АРТ-байқауында 1-4 сыныптар арасында "Мамандықтар болашағы" номинациясы бойынша І-орын иеленді. Жетекшісі: Исабекова В.А. Құттықтаймыз!