17
қараша
2020
ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ!
Алматы қаласы Білім Басқармасының тапсырмасына сәйкес және Жетісу аудандық білім бөлімінің жоспары бойынша Жетісу ауданы №108 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ!» тақырыбында онлайн сынып сағаты өтті .Мақсаты: оқушыларға Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру, Елбасымыздың қанатты сөздері болашақ ұрпаққа берер маңызының зор екендігі туралы айтып түсіндіру, Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азамат боп өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.