01
тамыз
2026
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды!Құрметті ата-аналар, қамқор жандар және демеушілер!
Біздің мектебімізде дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өз жұмысын бастады.
Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, оларды қажетті оқу құралдарымен, мектеп формасымен және басқа да керек-жарақтармен қамтамасыз ету.
Ізгі іске бейжай қарамай, балалардың сапалы білім алуына өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз! Бірлескен қамқорлық – әрбір баланың жарқын болашағына жасалған маңызды қадам.
Акцияның өткізілу мерзімі: 1 тамыз – 30 қыркүйек.
Жақсылық жасауға бірге атсалысайық! ❤️