«Қауіпсіз орта — бақытты балалық шақ»

«Қауіпсіз орта — бақытты балалық шақ» 🛡
Бүгін №108 мектеп-гимназиямызда оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен маңызды кездесу өтті. Ювеналды полиция инспекторлары оқушыларға қазіргі қоғамда жиі кездесетін буллинг (қоқан-лоқы көрсету) және сталкинг (артынан қудалау/аңду) тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында полиция қызметкерлері балаларға мынадай маңызды мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті:
Буллинг және кибербуллинг: Мектептегі немесе әлеуметтік желідегі қысымның құқықтық салдары;
Сталкинг: Интернетте немесе шынайы өмірде біреудің артынан қудалаудың, мазасын алудың заң бойынша жауапкершілігі;
Біздің мақсатымыз — әрбір баланың мектеп қабырғасында өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуі. Кездесу соңында оқушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, заң аясында нақты жауаптар алды.