«Қауіпсіз жаз: Балалардың судағы қауіпсіздігі — басты назарда!» » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қауіпсіз жаз: Балалардың судағы қауіпсіздігі — басты назарда!»
20
мамыр
2026

«Қауіпсіз жаз: Балалардың судағы қауіпсіздігі — басты назарда!»

«Қауіпсіз жаз: Балалардың судағы қауіпсіздігі — басты назарда!» 

 №108 мектеп-гимназиямызда жазғы демалыс кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау, судағы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында кешенді түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты, оқушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Түсіндірме жұмыстары барысында балаларға келесі негізгі ережелер жеткізілді:

  • Үлкендердің қарауынсыз суға шомылуға мүлдем болмайды!

  • Тек арнайы рұқсат етілген, құтқарушылары бар қауіпсіз орындарда ғана шомылу қажет.

  • Бейтаныс, тереңдігі белгісіз жерлерге, көпірлер мен тік жарлардан суға секіру өте қауіпті.

  • Суда бір-бірімен ойнап, қалжыңдасып, аяқтан тартуға, жалған дабыл қағып «суға кеттім» деп айқайлауға тыйым салынады.