«ҰБТ — өмірдің бір сынағы ғана: Түлектерге психологиялық қолдау»

«ҰБТ — өмірдің бір сынағы ғана: Түлектерге психологиялық қолдау»
ҰБТ жақындаған сайын әрбір түлектің бойында қобалжу мен уайымның болуы заңдылық. Алайда, бұл кезеңнен сүрінбей өту үшін білім ғана емес, берік психологиялық дайындық та өте маңызды.
Бүгін №108 мектеп-гимназиямызда 11-сынып оқушыларына арналған «ҰБТ алдындағы психологиялық дайындық және стрессті басқару» тақырыбында мектеп психологымен кездесу өтті.
Психолог түлектерге мынадай алтын кеңестермен бөлісті:
Қобалжуды жеңу: Емтихан сәтінде кенеттен пайда болатын үрейді тыныс алу жаттығулары (терең тыныс алу) арқылы қалай басуға болатынын үйретті;
Уақытты жоспарлау: Қалған уақытты тиімді бөлу, ұйқы режимін сақтау және миды артық ақпаратпен шаршатпау жолдары айтылды;
Өзіне сенімділік: «Менің қолымнан келеді!» деген ішкі сенімділікті оятудың маңызы түсіндірілді.