«Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері» » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері»
18
мамыр
2026

«Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері»

Бүгін №108 мектеп-гимназиясында оқушылар мен мектеп ұжымының төтенше жағдайлар кезіндегі дайындығын пысықтау мақсатында «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында кешенді түсіндірме жұмыстары мен практикалық оқу-жаттығу шаралары жүргізілді.

Шараның басты мақсаты — кенеттен орын алатын табиғи апат кезінде дүрбелеңге түспей, дұрыс әрі жылдам әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

📌 Жұмыс барысында келесі шаралар іске асырылды:

  • Теориялық нұсқаулық: Сынып сағаттарында оқушыларға жер сілкінісі сәтіндегі «Жат, жабыл, ұстарт» ережесі және «Дабыл шабаданының» маңызы түсіндірілді.

  • Практикалық эвакуация: Мектепте дабыл белгісі (сирена) берілген сәттен бастап, барлық оқушылар мен мұғалімдер алдын ала бекітілген қауіпсіз эвакуациялық жолдар арқылы ғимараттан сыртқа — ашық алаңқайға шығарылды.

  • Ережелерді пысықтау: Мектеп ауласында балаларға ғимарат ішінде және көшеде қалған жағдайда қандай орындардың қауіпсіз екені тағы бір мәрте көрсетілді.