Ерте жүктілік түсіндірме жұмыстары » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ерте жүктілік түсіндірме жұмыстары
14
мамыр
2026

Ерте жүктілік түсіндірме жұмыстары

Бүгін №108 мектеп-гимназиямызда жоғары сынып қыздарына арналған өзекті әрі маңызды тақырыпта лекция өтті. Кездесудің негізгі мақсаты — қыз балалардың денсаулығын сақтау, ерте жүктіліктің алдын алу және құқықтық, медициналық сауаттылықты арттыру.

Шара барысында арнайы шақырылған мамандар (гинеколог/психолог дәрігерлер) оқушылармен ашық әңгіме өрбітті. Лекция барысында келесі маңызды мәселелер талқыланды:

  • Ерте жүктіліктің жас ағзаға тигізетін зияны мен медициналық салдары;

  • Репродуктивті денсаулықты сақтау ережелері;

  • Психологиялық дайындық және өмірлік жоспарлар құру.

Оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптар алды. Мұндай шаралар жасөспірімдердің дұрыс таңдау жасауына және өз болашағына жауапкершілікпен қарауына септігін тигізері сөзсіз.