Материалы за Сәуір 2026 года » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сәуір 2026 года
«Менің армандаған мамандығым»
30
сәуір
2026
«Менің армандаған мамандығым»
 Оқушылардың өз армандаған мамандығын шығармашылық жолмен көрсету,көркем ойлау дағдыларын дамыту мақсатында «Менің армандаған мамандығым» тақырыбында сурет байқауы өтті.
«Еуразия технико-экономикалық колледжі» мекемесі
29
сәуір
2026
«Еуразия технико-экономикалық колледжі» мекемесі
9-сынып оқушыларымен «Еуразия технико-экономикалық колледжі» мекемесінің маман иелерінің қатысуымен кәсіби бағдар беру мақсатында танымдық кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Қатысқан бала саны: 40 болды. Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі нәтижелі өтті.Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар,жеке қабілет пен қызығушылықты ескере отырып, дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығы түсіндірілді.
«Жарқын жастық-Баянды болашақ»
28
сәуір
2026
«Жарқын жастық-Баянды болашақ»
2026 жылдың қаңтар айының 15-де «Жарқын жастық-Баянды болашақ» 9сыныптың  25 оқушысы «Адилет колледжі» студенттерімен кездесуге барды.Іс-шара барысында оқушылар колледждің оқу жүйесімен, мамандық түрлерімен және студенттік өмірмен танысты.Кездесу барысында колледж студенттері өз тәжірибелерімен бөлісіп, мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. 
«Мамандық таңдау-болашаққа қадам» тақырыбы
27
сәуір
2026
«Мамандық таңдау-болашаққа қадам» тақырыбы
 9-сыныптың 23 оқушысымен «Мамандық таңдау-болашаққа қадам» тақырыбында кәсіби бағдар беру тренингі өткізілді.Тренингтің негізгі мақсаты-оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал ету,жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтауға бағыт беру.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы
25
сәуір
2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы
№108 мектеп-гимназиясының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты. Аталған акция экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған.
«Менің мамандығым» тақырыбы
24
сәуір
2026
«Менің мамандығым» тақырыбы
2026 жылдың ақпан айында  аудандық деңгейде өткізілген «Менің мамандығым» тақырыбындағы байқауға мектебіміздің 10-сынып оқушылары Ибрашева Дана,Умбеталиева Лаура  белсенді түрде қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, кәсіби бағдар беру және өз таңдауларын саналы түрде жасауға бағыттау болды.Қатысушыларымыз алғыс хаттармен марапатталды.
Ата-аналар жиналысы
23
сәуір
2026
Ата-аналар жиналысы
№108 мектеп-гимназиясының базасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелеріне арналған кезекті ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыстың негізгі мақсаты: Ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, балалардың интернеттегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздігін бақылауды күшейту, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл ережелерін түсіндіру.
«Бір мектеп-бір мансап» жобасы
23
сәуір
2026
«Бір мектеп-бір мансап» жобасы
Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдастыруымен жүзеге асырылған «Бір мектеп-бір мансап» жобасы аясында  9-сыныптың 15 оқушы  ұлдары кәсіби бағдар беру жұмыстары шеңберінде «Аллюр авто» ЖШС өндірістік базасына экскурсияға барды.                           
«Narxoz university»
22
сәуір
2026
«Narxoz university»
 10-сыныптың 26 оқушыларымен «Narxoz university»  мамандары кездесу өткізді.  Кездесу барысында университет мамандары оқу орны туралы жан-жақты мәлімет беріп, ұсынылатын мамандықтар, оқу жүйесі, грант мүмкіндіктері және студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы таныстырылым жасады.
«Менің болашақ мамандығым» жәрмеңкесі
21
сәуір
2026
«Менің болашақ мамандығым» жәрмеңкесі
2026 жылдың наурыз айында «Менің болашақ мамандығым» жәрмеңкесіне 9-10-сыныптың 20 оқушысы барды. Оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтар қойып, болашақта қандай бағытты таңдауға болатыны жөнінде нақты түсінік қалыптастырды. Жәрмеңке оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, мамандық таңдауға деген жауапкершілігін күшейтуге оң әсерін тигізді