«Жарқын жастық-Баянды болашақ»
2026 жылдың қаңтар айының 15-де «Жарқын жастық-Баянды болашақ» 9сыныптың 25 оқушысы «Адилет колледжі» студенттерімен кездесуге барды.Іс-шара барысында оқушылар колледждің оқу жүйесімен, мамандық түрлерімен және студенттік өмірмен танысты.Кездесу барысында колледж студенттері өз тәжірибелерімен бөлісіп, мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.