М.Мақатаевтың поэзия кеші » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » М.Мақатаевтың поэзия кеші
09
ақпан
2024

М.Мақатаевтың поэзия кеші

Алматы қаласы, Жетісу ауданы №108 жалпы білім беретін мектепте Хантәңірінің мұзбалағы  атанған ақиық ақын Мұқағали  Мақатаевтың   туған күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Мен ХХІ  ғасыр ұрпақтарының  құрдасымын"  атты іс-шара өткізілді. Өзге ұлт өкілдерінің  қатысуымен өткен ұстаздар мен оқушылар арасында ақынның өлеңдерін нақышына келтіре жатқа айтып, сөздеріне жазылған  әндерін орындап, ақын өмірінен үзінді қойылым  көрсетті. Мұқағалитанушы, ҚР кинематографиясының  үздігі, кино қайраткері Шаяхмет Имашұлы Мұқағалидың 500-ден астам өлеңдерін жатқа білетінін айтып, ақынның өлмес жырларын сағынышпен,   қимастықпен жеткізді. 
Кештің мақсаты: қазақ поэзиясының мұзбалағы  атанған ақынның  өмірі, шығармашылығымен  таныстыру,   өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін насихаттау, поэзия құдіретін таныта отырып, тілге және Отанға деген сүйіспеншілігін ояту.