23
қаңтар
2026
Тарих апталығы аясындағы ашық сабақтар
Бүгін 7 «Г» сыныбында Маржан апаймен бірге тарихтың терең қойнауына үңілдік. Сабақ тақырыбы өте өзекті: «Неліктен Апиын соғысы Қытайдың есінде қалды?»Неге бұл маңызды?
Бұл соғыс Қытайдың оқшаулану кезеңін аяқтап, оны жартылай отар елге айналдырды. Оқушылар тарихи карталармен жұмыс істеп, сол кезеңдегі саяси қайшылықтарды зерттеді.
Маржан апайдың шеберлігінің арқасында 45 минут бір демде өтіп кетті! Тарихты жалықпай оқу осындай-ақ болсын!