04
желтоқсан
2025
"Қауіпсіз қоғам- бақытты бала" қалалық семинары
2025 жылдың 4 желтоқсанында №108 мектеп-гимназиясы базасында «Қауіпсіз қоғам – бақытты бала» атты қалалық семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тиімді әдістерді таныстыру, мектептер арасындағы тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және оқушыларға қолайлы психологиялық орта құру жолдарын жан-жақты қарастыру болды.Іс-шараны мектеп директоры Бибігүл Төлегенқызы ашып, қатысушыларға семинардың маңыздылығын атап өтті. Ол қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда мектеп ұжымының, ата-аналардың және мамандардың бірлескен жұмысының ерекше рөлін атап көрсетті.
Семинар бағдарламасы өте мазмұнды болды. Семинарда «Зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары және қазіргі қауіпсіздік сын-қатерлері» тақырыбында мазмұнды баяндама ұсынылып, қатысушыларға статистикалық деректер мен профилактикалық шаралардың заманауи тәсілдері таныстырылды. Психологтар тарапынан қатысушылардың эмоционалдық әл-ауқатын қолдауға бағытталған тренингтер өткізіліп, агрессияның алдын алу, өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру, құрдастар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту бойынша әдістер көрсетілді. Семинар барысында қатысушылар сұрақ қойып, пікір алмасып, талқылаулар жүргізді. Мамандармен бірлесе отырып, білім беру мекемелерінде қауіпсіз орта қалыптастыруға қажетті ұсыныстар жасалды.