27
ақпан
2026
1 наурыз - Алғыс айту күні!

1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын! 🇰🇿
Құрметті достар, әріптестер мен оқушылар! Баршаңызды көктемнің алғашқы күнімен келетін ерекше мерекемен құттықтаймыз.
Алғыс айту күні — бұл еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің, өзара сенім мен құрметтің символы. Бұл күні біз өткен тарихымызға тағзым етіп, бүгінгі берекелі бірлігіміз үшін шүкіршілік етеміз.
Мектебіміздің ұжымы әрбір ата-анаға сенім білдіргені үшін, әрбір оқушыға ізденісі үшін алғыс білдіреді. Шаңырақтарыңыздан бақ-береке кетпесін!