06
наурыз
2026
«Ана — өмірдің шуағы» атты мерекелік іс-шара

Көктемнің шуақты мерекесі мектебімізде салтанатпен атап өтілді! 🌷✨
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана — өмірдің шуағы» атты мерекелік іс-шара өтті. Кеш барысында мектеп оқушылары аяулы ұстаздар мен ардақты аналарға арнап ән шырқап, күмбірлеген күй төгіп, мың бұралған билерін тарту етті. 🎶🕺
Мектеп директоры барша нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Шәкірттердің ыстық ықыласы мен мерекелік қойылымдар жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ұстаздарымыздың жүзінен күлкі, көңілінен көктем кетпесін! 💐