13
наурыз
2026
«Ұлттық киім – ұлт қазынасы»

Наурызнама онкүндігі аясында мектебімізде қазақы болмысты дәріптеуге бағытталған «Ұлттық киім – ұлт қазынасы» атты кең көлемді челлендж өтті. Бұл бастамаға мектеп әкімшілігінен бастап, ұстаздар қауымы, техникалық қызметкерлер және барлық сынып оқушылары бір кісідей атсалысты.
Челлендждің басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында ұлттық кодты сақтау, қазақтың төл киімдерін күнделікті өмірде мақтанышпен кию мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында мектеп дәліздері нағыз этно-ауыл бейнесіне енді. Оқушылар мен ұстаздар заманауи стильмен үйлестірілген оюлы камзолдар, тақиялар мен мәсілер, зергерлік бұйымдар мен шапандар киіп, мектептің сәнін кіргізді. Бұл күн тек киім үлгісін көрсету емес, ұлттық мәдениетке деген зор құрметтің белгісі болды.