ВІRGEMIZ: ТҮЛЕК 2020 » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ВІRGEMIZ: ТҮЛЕК 2020
29
мамыр
2020

ВІRGEMIZ: ТҮЛЕК 2020

Жетісу ауданы №108 жалпы білім беретін мектепте Алматы қаласы Білім басқармасының 2020 жылдың 25 мамыр күнгі № 05 -1 – 4/766 хатына сәйкес Қазақстан Республикасы жолданған хатына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен жолданған нұсқаулығы бойынша Еріктілер жылына арналған «ВІRGEMIZ: ТҮЛЕК 2020» ұранымен мектеп бітіретін түлектерге арналған аттестатты табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті.Аттестатты табыстау рәсімі кезінде эпидемияға қарсы санитарлық нормаларды қатаң сақтау шаралары ескеріліп, мектеп аумағында ұйымдастырылды. Салтатанатты шараға Жетісу ауданының әкімінің орынбасары Бірбаев Бауыржан Оразанайұлы, Жетісу ауданы білім бөлімінің басшысы Кусайнова Салтанат Амагелдиевна , Жетісу ауданы «NurOtan» партиясы филиалының өкілі Рахманов Темирбек Ануарбекович қатысты. Келген қонақтар түлектерге ізгі тілек айтып, мерекемен құттықтап, аттестатарын табыстады. 2019-2020 оқу жылында мектебімізді 23 түлек аяқтап отыр. Оның ішінде 4 түлек «Алтын белгі» иегерлері атанды. Түлектерімізге алдарындағы үлкен сынақ ҰБТ ны сәтті тапсырып, мақсаттарына жетулеріне тілектеспіз. Ақ жол Жас түлек – 2020!