Біз туралы » Страница 2 » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 2
«Мамандық таңдау-болашаққа қадам» тақырыбы
27
сәуір
2026
«Мамандық таңдау-болашаққа қадам» тақырыбы
 9-сыныптың 23 оқушысымен «Мамандық таңдау-болашаққа қадам» тақырыбында кәсіби бағдар беру тренингі өткізілді.Тренингтің негізгі мақсаты-оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал ету,жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтауға бағыт беру.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы
25
сәуір
2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы
№108 мектеп-гимназиясының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты. Аталған акция экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған.
«Менің мамандығым» тақырыбы
24
сәуір
2026
«Менің мамандығым» тақырыбы
2026 жылдың ақпан айында  аудандық деңгейде өткізілген «Менің мамандығым» тақырыбындағы байқауға мектебіміздің 10-сынып оқушылары Ибрашева Дана,Умбеталиева Лаура  белсенді түрде қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, кәсіби бағдар беру және өз таңдауларын саналы түрде жасауға бағыттау болды.Қатысушыларымыз алғыс хаттармен марапатталды.
Ата-аналар жиналысы
23
сәуір
2026
Ата-аналар жиналысы
№108 мектеп-гимназиясының базасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелеріне арналған кезекті ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыстың негізгі мақсаты: Ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, балалардың интернеттегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздігін бақылауды күшейту, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл ережелерін түсіндіру.
«Бір мектеп-бір мансап» жобасы
23
сәуір
2026
«Бір мектеп-бір мансап» жобасы
Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдастыруымен жүзеге асырылған «Бір мектеп-бір мансап» жобасы аясында  9-сыныптың 15 оқушы  ұлдары кәсіби бағдар беру жұмыстары шеңберінде «Аллюр авто» ЖШС өндірістік базасына экскурсияға барды.                           
«Narxoz university»
22
сәуір
2026
«Narxoz university»
 10-сыныптың 26 оқушыларымен «Narxoz university»  мамандары кездесу өткізді.  Кездесу барысында университет мамандары оқу орны туралы жан-жақты мәлімет беріп, ұсынылатын мамандықтар, оқу жүйесі, грант мүмкіндіктері және студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы таныстырылым жасады.
«Менің болашақ мамандығым» жәрмеңкесі
21
сәуір
2026
«Менің болашақ мамандығым» жәрмеңкесі
2026 жылдың наурыз айында «Менің болашақ мамандығым» жәрмеңкесіне 9-10-сыныптың 20 оқушысы барды. Оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтар қойып, болашақта қандай бағытты таңдауға болатыны жөнінде нақты түсінік қалыптастырды. Жәрмеңке оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, мамандық таңдауға деген жауапкершілігін күшейтуге оң әсерін тигізді
Профориентация!
20
сәуір
2026
Профориентация!
2026 жылдың 20- сәуірде 9-сынып оқушылары  Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әзербайджан Республикасының  жоғары оқу орындарының көрмесіне барды. Көрме барысында оқушылар Әзербайжан университеттері туралы ақпарат алып, білім беру мүмкіндіктерімен танысты.
интерактивті жиналыс
17
сәуір
2026
интерактивті жиналыс
 оқушылардың қызығушылықтарын анықтау арқылы болашақ мамандық таңдауға бағыт беру, ата-аналарға кәсіби бағдар беру бойынша ақпарат ұсыну және бала мен ата-ана арасындағы өзара түсіністікті нығайту мақсатында интерактивті жиналыс өтті.
Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен Республикалық олимпиадасы
16
сәуір
2026
Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен
Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты №108 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Рустамқызы Сымбат Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесе отырып, 2026 жылдың 27-30 сәуірі аралығында Өскемен қаласында өткен ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі