03
қазан
2020
Менің отбасым
Жетісу ауданы №108 жалпы білім беретін мектепте Отбасы күніне орай «Отбасым –бақыт мекенім» атты мектепішілік онкүндік өтіп жатыр.Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Осы онкүндікке орай 4»Г» сынып оқушысы Жаксыбаев Али «Менің отбасым» атты видеоролигін ұсынады. Сынып жетекшісі: Айтбаева Э.А.