12
қазан
2021
Ардагерлерді ардақтайық!
Жетісу ауданы білім бөлімінің тапсырмасы және «Nur otan» партиясы филиалының «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасын іске асыру мақсатында қарттар күні мерекесіне орай Жетісу ауданы №108 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары, тыл ардагері, Мышалов Николай Петровичті құттықтап қайтты. Қазақ қариясын сыйлаған халық. Қарты бар үйдің қазынасы бар, - деген. Ақсақалдарды төрге шығарып, бата сұраған. Ақындар жырына қосып, амандығын тілеген. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат - үлкенге құрмет және қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады.