Бейсенбаева Сұлушаш » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бейсенбаева Сұлушаш
06
мамыр
2020

Бейсенбаева Сұлушаш

Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты, қашықтан оқыту жүзеге асырылып жатқандығы баршамызға мәлім. Қашықтан оқыту туралы қоғамда және мұғалімдер мен ата-аналар арасында көптеген сауалдар туындағанда, «Оқу процесі тоқтатылмауы тиіс. Қашықтан оқыту үшін, біздің ұстаздар тележүргізуші ретіндегі мүлдем жаңа рөлді меңгеріп жатыр. Әрине бұл оңай іс емес екенін бірден айтқым келеді» деп жазды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов. Қашықтан оқыту – бұл ақпараттық құралдар арқылы білім алу формасы. Мұғалімдердің алдын – ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарыламайды. Сондықтан оқушының білімін, үлгерімін көтеруіміз үшін мұғалімдер көбірек жұмыс атқаруымыз керек. Қашықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді. Оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйелерін пайдалану мүмкіндігі артады. Мысалы: керекті әдебиеттер мен оқу кітаптарын іздеу, бақылау және тестік тапсырмаларды орындау, баяндамалар дайындау, қашықтан олимпиадаға қатысу оқушының шығармашылық потенциалының дамуына әсер етеді. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен тиімді әдістерді қолдануға әкеледі. Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан да қашықтан оқыту мүмкіндіктері өкімет тарапынан қолдау тауып жатыр.
Алматы қаласындағы ЖББ №108 мектеп мұғалімдері де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып дегендей жұмыла кірісіп, өз үлестерін қосуда. Әріптестеріме мына келіп жатқан мамыр мерекелерінің қарсаңында мықты денсаулық арқасында оқу жылын жақсы аяқтау үшін, атқарып жатқан тынымсыз еңбектерінің жемісін жеп, қызығын көріңіздер дегім келеді. Ендеше, министріміз бастап, мұғалімдер қоштап, бұл қиындықтан шығатынымызға еш күмән жоқ. Бірлесе көтерген жүк жеңіл дегендей, бірге болсақ барлық қиындықты жеңіп шығамыз.

Как известно, в связи с происходящим в стране осуществляется дистанционное обучение. Когда в обществе и среди учителей и родителей возникает много вопросов о дистанционном обучении, «процесс обучения не должен прекращаться. Для дистанционного обучения наши учителя осваивают совершенно новую роль телеведущего. Конечно, хочу сразу сказать, что это непростое дело», - написал министр образования и науки Республики Казахстан А. Аймагамбетов. Дистанционное обучение-это форма обучения с помощью информационных средств. Образование учащихся не повышается, если не проводятся предварительные подготовительные и организационные мероприятия учителей, не обеспечено программным обеспечением. Поэтому, чтобы повысить знания, успеваемость учащихся, учителям нужно делать больше работы. Дистанционное обучение это повышает квалификацию учителя, формирует самостоятельное обучение ученика, меняет отношение родителей к новым технологиям. Учащиеся могут улучшить свои знания, обучаясь дистанционно, и у них будет больше возможностей использовать информационные системы. Например: поиск нужной литературы и учебных книг, выполнение контрольных и тестовых заданий, подготовка докладов, участие в дистанционной олимпиаде влияют на развитие творческого потенциала учащегося. Внедряясь в образовательную среду, компьютерные технологии приводят к использованию инструментов и эффективных методов для улучшения процесса обучения. Возможности дистанционного обучения также поддерживаются властями в плане обслуживания в зоне основного базового образования.
Учителя школы №108 в г. Алматы также принимают участие в работе школы с одним воротником и одним рукавом. Хочу пожелать коллегам, чтобы в преддверии майских праздников, благодаря крепкому здоровью, можно было хорошо закончить учебный год, пожрать плоды упорного труда и повеселиться. Так что, начиная с нашего министра, учителя попрощались, и нет никаких сомнений в том, что мы выйдем из этой проблемы. Вместе мы справимся со всеми трудностями.