15
желтоқсан
2022
Алматы қаласы жастары арасында ақындар айтысы өтті. Среди молодежи города Алматы прошел айтыс акынов.

2022 жылғы 13 желтоқсанда көрнекті халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдық мерейтойына орай ,жастар арасында ақындар айтысы өтті. Айтысты елімізге танымал айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы жүргізді. Айтысқа жалпы саны 15 ақын іріктеліп, оның 8-і ақтық сынға жолдама алған болатын. Кешегі жыр додасында 8 ақын бақ сынасты. Әділқазылар алқасының шешімімен 1-орын иегері болып Утепов Райымбек танылды. Райымбекке 100 000 теңге көлемінде сертификат табысталды. 2-орынмен Шынарбек Тұрсын марапатталды. Жүлдеқоры - 80 000 теңге. 3-орын иегері ретінде Айбын Жәмәли деген айтыскер ақынымыз танылды. Оған 70 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды. Қалған басқа да ақындарымызға 40 000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлықтары табысталды. Айта кетейік, аталған іс-шараны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының тапсырысымен жастар арасында ұлттық мәдениет пен өнерді дамыту бағытындағы "Sandyq" жобасының аясында "Қазақстан адам ресурстары" жеке мекемесі ұйымдастырды.
Среди молодежи города Алматы прошел айтыс акынов.
13 декабря 2022 года в честь 120-летия выдающегося народного писателя Габита Мусрепова состоялся айтыс акынов среди молодежи. Айтыс провел известный в нашей стране поэт-айтыскер Рустем Каиртаевич. Всего на айтыс было отобрано 15 поэтов, 8 из которых получили путевки на финальный этап. Во вчерашнем состязании приняли участие 8 поэтов. Решением жюри 1 место занял Утепов Райымбек. Райымбеку был вручен сертификат на сумму 100 000 тенге. 2 место занял Шынарбек Турсын. Призовой фонд-80 000 тенге. Обладателем 3-го места стал поэт-Айбын Жамали. Ему была вручена денежная премия в размере 70 000 тенге. Остальным поэтам были вручены поощрительные призы в размере 40 000 тенге. Отметим, что данное мероприятие организовано частным учреждением "человеческие ресурсы Казахстана" по заказу управления молодежной политики города Алматы в рамках проекта "Sandyq" по развитию национальной культуры и искусства среди молодежи.