Тамақтану гигиенасы туралы » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану гигиенасы туралы
13
қараша
2024

Тамақтану гигиенасы туралы

Тағам гигиенасы


 
Тамақтану тәртібінің дұрыстығын бағалау. Тамақ ішу тәртібі тиімді тамақтанудың маңызды бір бөлігі.  Тамақ ішу тәртібіне күнделікті адам неше рет тамақ ішу керектігі, тамақ ішу арасындағы уақыт, тамақ ішу мезгілі, тағамдардың калориясы бойынша әр мезгілге бөлінуі жатады. Ең тиімдісі күніне 4 мезгіл тамақгану. Ал жұмыс жағдайында және оқу кезінде күніне 3 рет тамақтануға да болады. 
            Дастархан басына тамақ ішуге күн сайын үнемі бір мезгілде отырудың маңызы зор. Таңертеңгі немесе түскі астың уақытын өткізіп жіберуге, олардың орнын кейін толтырамын деуге болмайды. Тамақты кеңірдектен шығара тойып ішуге, асығыс ішуге де болмайды. Тамақ ішу тәртібі бұзылған жағдайда адам ағзасында әр түрлі ішек-асқазан аурулары пайда болады. 


 Сонымен қатар әр тамақ ішу сәті 20-30 минутган кем болмауы керек. Тағамды өте жай, асықпай шайнау керек. Ауыздағы тағам сілекеймен толық араласып болғанша шайнау керек. Әр тамақ ішу мезгілі арасындағы уақыт 5 сағаттан аспау керек. Тағамды белгілі бір уақытта ішудің өте маңызы зор. Асқорыту органдары белгілі бір уақытта тағам қабылдауға дайын болады. Асқазанда асқорыту сөлі бөлінеді.  

Күніне 4 рет тамақганған кезде тағамның калориясына қарай төмендегідей бөлінеді: 

1 таңертеңгі ас - 18 % 

2 таңертеңгі ас - 12 % 

түскі ас - 45 % 
 кешкі ас - 25 % 
 немесе, 
 таңертеңгі ас - 25 % 
 түскі ас - 40 % 
 түстен кейінгі ас - 10 % 
 кешкі ас - 25 % 
 Ал егер күніне 3 peт тамактану болса: 
 тадертеңгі ас - 30 % 
 түскі ас - 45 % 
 кешкі ас - 25 % 

Бірак. қандай да болмасын тамақ ішу тәртібінде соңғы тамақ ішу мезгілі мен ұйықтау арасында 2,5 - 3 сағат болуы керек, өйткені асқорыту жүйесі де бір мезгіл демалуы керек. 
 Сөл бөлетін мүшелердің тынымсыз жұмыс істеуі олардың сөлінің құрамының нашарлауына және дұрыс бөлінбеуіне себеп болады. Ac қорыту бездерінің дұрыс жұмыс жасауы үшін, олар тәулігіне 8-10 сағат тунгі уақытта демалуы тиіс. 

Таңертеңгі аста міндетті түрде ыстық тамақ, мысалы: ет немесе балық еті мен гарниріне көкөністер немесе жармалар болуы қажет, бутерброд және әр түрлі сусындар, ең жақсысы ыстық шай, кофе, какао. 

Егер мүмкіндік болса сәскеде тағы да бір жеңіл тамақтанған жөн, оның қуаты куні бойы ішетін тағамдардың қуатының 10-15% - ын құрауы керек. Сәскеде көңіліңіз қалағанын: айран, сүт, бутерброд, жас қияр, көк пияз сияқты тағамдарды ішіп - жеуге болады. Түскі астың қуаты тәуліктік ас куатының 35-40% -ын құрауы керек. Түскі ас төрт тамактан тұрады. Коп көлемдегі түскен асты қорыту үшін оте кеп асқорыту сөлдері болінуі қажет. Ол үшін тамақ алдында жаңа көкөністерден әр түрлі салаттар немесе тұздалған кокөністерді, сельд немесе тұздалған балық етін пайдаланған жөн. 

Бірінші ас міндетті түрде сұйық болуға тиіс, өйткені асқазан солінің жақсы бөлінуіне ыстық бірінші тағамдарды ішу де әсер етеді, әсіресе экстрактивті заттары мол (ет, балық, саңырауқұлақ сорпасы). 

Жазғы уақытта бірінші сұйық ас көкеністен болғаны жөн: мысалы, борщь, щи, окрошка, свекольник, арасында жармалардан дайындалған сориалар енгізуге болады. Ал қысқы уақытта қуаты көптеу сұйық тағамдар қолданған жөн: фрикаделькі, пельмен, әр түрлі жарма қосылған сорпалар. Екінші ыстық тамақ (еттен, балықтан, құс етінен) дайындалғаны жөн, олардың кұрамында өте көп ақуыз болады және калориясы өте жоғары болады, сондықтан гарнирі көкеністен болғаны жөн, сонда тамақтың іште шіру процесі азаяды. Ақуыздардың асқазанда қорытылуына майлар кедергі келтірмес үшін, майлы тағамдарға көкөніс қосып жеген жөн. Түскі асты тәтті тағамдармен аяқтаған пайдалы, олар: кисель, компот, мусс, балмұздак және т.б. Олар асқазан сөлін тоқтатады және ішкен тағамнан қанағат алады. 

Десерт (тәтті) тамақ ретінде жемістерді тамақ ішіп болғаннан соң, бір сағаттан кейін жеген жөн. Кешкі аска бойға тез сіңетін тамақтар: сүт, жарма және көкөніс жеген пайдалы. ұйықтауға жатар алдын бір стакан сүт немесе айран ішкен жөн. Ал мына тағамдарды кешке жеуге тыйым салынады: еттен жасалған тағамдар, өйткені бұл тағамдар асқазанда ұзақ қорытылады және ащы шай, кофе, шоколад, бұл тағамдар жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді.