02
желтоқсан
2024
Ағзаға пайдалы дәрумендер
Дәрумендер – бұл адам ағзасының дұрыс дамуы мен тіршілік етуі үшін қажет, құрылымы мен құрамы әр түрлі, тамақтанудың ажырамас факторларына жататын төмен молекулалы биологиялық белсенді органикалық қосылыстар тобы.
Дәрумендердің басым бөлігі ағзаға тамақпен бірге енеді, ал кейбіреулері ішекте өмір сүретін пайдалы микроорганизмдермен синтезделеді, бірақ бұл жағдайда олар жеткіліксіз. Көптеген дәрумендер тез ыдырап, денеде қажетті мөлшерде жиналмайды, сондықтан адам дәрумендердің тамақ арқылы жетуіне мұқтаж.
Тамаққа ақуыз, майлар мен көмірсулар, дәрумендер мен минералдардың көзі болып табылатын аралас тағамдарды пайдаланған жөн. Тек осы жағдайда ғана қоректік заттар мен тамақтанудың маңызды факторларының теңгерімді арақатынасына қол жеткізуге, қоректік заттардың жоғары сіңуін, сонымен қатар олардың ұлпалар мен жасушаларға тасымалдануын, олардың жасуша деңгейінде толық сіңуін қамтамасыз етуге болады.
Барлық өмірлік процестер организмде дәрумендердің тікелей қатысуымен жүріп тұрады. Дәрумендер көптеген реакцияларды тудыратын 100-ден астам ферменттердің құрамына кіреді, дененің қорғану күштерін сақтауға көмектеседі, оның әртүрлі экологиялық жағдайларға төзімділігін арттырады және қоршаған ортаның нашарлауына бейімделуге көмектеседі. Дәрумендер иммунитетті сақтауда маңызды рөл атқарады, яғни олар ағзамызды ауруларға қарсы төзімді қылады.
Дәрумендер екі үлкен топқа бөлінеді:
Дәрумендер дәрілік заттардың адам ағзасына қолайсыз әсерлерін жоюға немесе жұмсартуға септігін тигізеді.
Дәрумендер гормондардың синтезі үшін, ағзаның әр түрлі функцияларын реттейтін ерекше биологиялық белсенді заттар үшін қажет.
Дәруменнің жетіспеушілігі бөлек органдар мен тіндердің жағдайына, сонымен қатар маңызды функцияларына: адамның бойына, ұрпақтың жалғасуына, зияткерлік және физикалық мүмкіндіктеріне, ағзаның қорғану функцияларына әсер етеді. Дәруменнің ұзақ уақыт жетіспеушілігі алдымен еңбек қабілеттілігінің әлсіреуіне, денсаулықтың нашарлауына, кейбір жағдайда адамның көз жұмуына әкеліп соғуы мүмкін.
Витаминдер адамның тамақтануының маңызды факторларына жататын заттар болып табылады және ағзаның тіршілігі үшін өте маңызды. Олар гормоналды жүйе мен ағзамыздың ферменттік жүйесі үшін қажет. Сондай-ақ адамның денін сау, сергек және әдемі ете отырып, біздің метаболизмімізді реттейді.

- Май ерітетін дәрумендер: A, D, E, K.
- Су ерітетін дәрумендер: С, В1, В2, В3, В5 , В6, В8, В12, В15, В17, PP, Р, Н, N.