06
желтоқсан
2016
Экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші тұлғалардың халықаралық күні
Бүгін 5-желтоқсан Экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші тұлғалардың халықаралық күніне арналған кездесуіміз өтті.
Еліміздің тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде ғаламат табыстарға қол жеткізгені белгілі. Осы әрбір жеткен жетістіктің артында түрлі салада жан аямай қызмет еткен азаматтардың еңбегін байқауға болады. Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтып, ел үшін тынымсыз еңбек еткен аптал азаматтардың еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды.
Тәуелсіздік - сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. Тәуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі. Біз жүргізіп отырған сыртқы және ішкі саясат – халықтың даналығы. Қазақстанды өркендету жолындағы күллі жауапты шешімдердің даналығы. Халқымыздың асқақ абыройының, қонақжайлылығы мен кең пейілінің даналығы. Тәуелсіздік дегеніміз - бұл жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі. Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі,- деп атап өткен Нұрсұлтан Әбішұлының сөздерін тілге тиек ете отырып осы кездесуімізді өткіздік.