Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарық көрді » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарық көрді
06
желтоқсан
2021

Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарық көрді

Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарық көрді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарияланды

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ

Көп ұзамай ең қасиетті құндылығымыз – ел тәуелсіздігінің торқалы тойын атап өтеміз. Осыдан отыз жыл бұрын біз саналы түрде, өз дүниетанымымыз бен болмысымыздың негізі ретінде бостандық пен азаттыққа таңдау жасадық. Бүгінге дейінгі бұл мерзім адамзат тарихы үшін қас-қағым ғана сәт болғанымен, орда бұзар жасқа енді толған тәуелсіз Қазақстан үшін ол – үлкен белес, асқаралы асу.

Мұндайға тек рухы күшті, бірлігі бекем жұрт қана қол жеткізе алады.

Арғыда сақ, ғұн бабаларымыз, беріде қаһарман түрік аталарымыз аласапыран замандардағы алақұйын дауылдарға төтеп беріп, Ұлы далада ұлық ұлыс құрды. Талай жұрт алапат соғыстар мен арпалысқан айқастарда үдере көшіп, бордай тозып, тастай үгіліп, құмдай шайылып кеткен замандарда қазақтар түрік жұртының ата қонысын, қара шаңырағын сақтап қалды.

Дана бабаларымыз өзін ғана емес, адал ғұрпын, дархан көңілін, таза тілін, әсем әні мен қоңыр күйін, мәйекті мәдениеті мен бай әдебиетін қоса сақтап, ұрпағына аманаттай білді. Тамырын да, тарихын да, күш-қуатын да Ұлы даладан алатын, көптеген этнос өкілдері татулық пен келісімде, береке-бірлікте бірге өмір сүріп жатқан дәл осындай елдің ұлы мен қызы болу – әр қазақстандықтың маңдайына жазылған шексіз бақыт.@kopd_mon_rk @edualmaty @zetisu_roo @kokobayeva_gulnara