Рахмет саған, әліппе!
Бүгін біздің бүлдіршіндер үшін ерекше күн! Алғаш қолына ұстап, әріп танытқан, білім әлеміне жол ашқан киелі — Әліппемен қоштасу кеші өтті. 🔔 Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған кішкентай шәкірттеріміз бүгін еркін оқып, жаза алатын дәрежеге жетті. Бұл — олардың алғашқы үлкен жеңісі! 🏆 Әліппеден басталған білім жолы сара, болашақтары жарық болсын! Сәт сапар, жас түлектер!