Нашақорлыққа жол жоқ! Нет пути к наркомании!
Бабаларымыз «Аурудың алдын ал, жаудың алдын ал, қайта көтерілген даудың алдын ал» деген екен. Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінде күн тәртібіндегі ең басты мәселенің бірі болып келеді. Есiрткi жер бетiн әбден жайлап алды. Кез келген мемлекеттiң алдында нашақорлыққа күрес ашық жарияланып отыр. Қазақтың тегiнде болмаған есiрткi қазiргi таңда есiрiп кеткен. Сарапшылардың пiкiрiнше, бiздiң елiмiз тiптi есiрткi саудасының жол торабына айналған. Жыл сайын есiрткiмен күрес шараларына бөлiнетiн қаржының көбеюiне қарамастан нашақорлар саны күннен күнге өсiп келедi.
Қазiр Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 54 мыңға жуық нашақор тiркеуде тұр. Бұл бiрнеше рет көзге түсiп тiркелгендерi. Тiркелмегендерiнiң қанша екенi әзiрге белгiсiз. Республикамызда нашақорларды емдейтiн 9 орын бар екен. Үстiмiздегi жылы мамандар нашақорлыққа бас ұрған адамдарға арнайы тексеру жұмыстарын жүргiзген. Нәтижесiнде нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейiнгi жастар мен әйел адамдар екенi анықталған. Есiрткi таратуға қарсы қылмыстық жаза күшейтiлсе де, нашақорлардың саны азаяр емес.
Нашақорлық-тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы. Дүниежүзі елдерін жайлап, күн сайын тамырын тереңге жайып, асқынып бара жатқан нашақорлықтың мұншалықты етек алуы неден деген сұраққа жауап іздеп көрейікші. Менің ойымша, оның басты себебі- еліктеушілік, отбасындағы тәрбиенің тізгіннен кетуі, немесе жан күйзелісі, жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық болуы да мүмкін. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әр түрлі. Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады... осы мәселелерді мектеп басшылығы көтеріп, жоғарғы сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді.
Наши предки говорили:» Предотврати болезнь, предотврати врага, предотврати вновь возникший спор". Наркотики, которые стали болезнью века, и необходимость избегать их употребления, предотвращать кесарево сечение сегодня являются одним из главных вопросов повестки дня. Наркотик потихоньку охватил поверхность Земли. Перед любым государством открыто объявляется борьба с наркоманией. Наркотик, не имевший казахского происхождения, в настоящее время умер. По мнению экспертов, наша страна даже превратилась в дорожный узел торговли наркотиками. Число наркоманов растет день ото дня, несмотря на ежегодное увеличение средств, выделяемых на меры по борьбе с наркотиками.
Сейчас в Казахстане, по официальным данным, зарегистрировано около 54 тысяч наркоманов. Это те, которые неоднократно попадались на глаза. Пока неизвестно, сколько из них не зарегистрированы. Оказывается, в республике 9 мест по лечению наркоманов. В этом году специалисты провели специальную проверку лиц, страдающих наркоманией. В результате было обнаружено, что 60 процентов наркоманов были молодыми людьми и женщинами в возрасте до 30 лет. Несмотря на то, что уголовные наказания против распространения наркотиков ужесточены, число наркоманов не уменьшается.
Наркомания-это бездна, одна голова дракона, которая соблазняет человека. Давайте попробуем найти ответ на вопрос, Что такое наркомания, которая с каждым днем все глубже и глубже проникает в страны мира. Я думаю, что основной причиной этого может быть подражание, уход от уздечки воспитания в семье, или душевный стресс, нищета, дороговизна, безработица. Подавляющее большинство тех, кто употребляет наркотические вещества в последующем, - это девочки и юноши школьного возраста. Причины разные. Во-первых, они не отчитываются перед собой. Еще не совсем понятно, что такое жизнь. Во-вторых, в этом возрасте ко всему приходит подражатель, быстро приспосабливающийся. От этого характера он даже не осознает, что «щелкает», имитируя однодневное наслаждение-удовольствие, удовольствие... эти вопросы были подняты руководством школы и проведены встречи с старшеклассниками и их родителями.