Іс-шаралар » Страница 3 » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 3
Ағылшын тілі апталығы
13
ақпан
2026
Ағылшын тілі апталығы
Бүгін №108 мектеп-гимназиясында «Ағылшын тілі» апталығы аясында білікті ұстаз Әділбекова Эльмира ашық сабақ өткізді. 👩‍🏫📚 Сабақ барысында Эльмира апай заманауи оқыту әдістерін шебер қолданып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырды. Интерактивті тапсырмалар мен топтық жұмыстар арқылы балалар тақырыпты терең меңгеріп, өздерінің тілдік дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Сабаққа қатысқан әріптестері ұстаздың кәсіби шеберлігі мен сабақтың жоғары дайындығын ерекше атап өтті. Шығармашылық табыс
Ағылшын тілі апталығы: Тәжірибе мен ізденіс
12
ақпан
2026
Ағылшын тілі апталығы: Тәжірибе мен ізденіс
Ағылшын тілі апталығы: Тәжірибе мен ізденіс №108 мектеп-гимназиясында өтіп жатқан ағылшын тілі апталығы аясында білікті ұстазымыз Базарқұл Назерке ашық сабақ өткізді. 👩‍🏫✨ Сабақ барысында заманауи педагогикалық технологиялар мен интерактивті әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылды. Оқушылар ағылшын тілінде еркін сөйлеп, түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Назерке апайдың ізденімпаздығы мен шығармашылық тәсілі сабақтың жоғары деңгейде өтуіне негіз болды. Берілген білім — болашаққа салынған
«Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби- сазды кеш
09
ақпан
2026
«Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби- сазды кеш
Жетісу ауданының №108 мектеп-гимназиясында қазақ поэзиясының мұзбалағы, ақиық ақын  Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келгеніне  95 жыл толуына орай «Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби- сазды кеш болып өтті. Кеште ақын өлеңдерін жатқа оқумен қатар, оның сөзіне жазылған сағынышты әндер де әуелете шырқалды. Ақынның қазақ поэзиясындағы орны мен мұрасы  дәріптелді. Әдеби кештің мақсаты: жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, Мұқағали жырларындағы адамгершілік, табиғат, махаббат пен туған
Өткенге тағзым – ұрпаққа аманат!
06
ақпан
2026
Өткенге тағзым – ұрпаққа аманат!
Өткенге тағзым – ұрпаққа аманат Бүгін №108 мектеп-гимназиясында Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына орай, соғыс ардагерлерімен «Ерлік – елге мұра» атты тағылымы мол кездесу кеші өтті. Іс-шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, тарихтың ақтаңдақ беттерін ұмытпау және Отан алдындағы борышын адал атқарған батырларымызды ұлықтау. Мектеп өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, ардагерлерге құрмет көрсетті.  "Бейбітшіліктің қадірін білу — әрбір жас ұрпақтың парызы.
Сағадат Нұрмағанбетов атындағы әскери колледждің өкілдері
05
ақпан
2026
Сағадат Нұрмағанбетов атындағы әскери колледждің өкілдері
Бүгін мектебімізге Сағадат Нұрмағанбетов атындағы әскери колледждің өкілдері арнайы келіп, жоғары сынып оқушыларына мазмұнды дәріс оқыды. Дәріс  барысында:  🔹 Әскери саланың қыр-сыры мен артықшылықтары айтылды; 🔹 Халық қаһарманы С. Нұрмағанбетовтың ерлік жолы насихатталды; 🔹 Оқушылар колледжге түсу шарттары мен болашақ мамандықтар туралы толық мәлімет алды.
Екі ұлы шың: Абай мен Пушкин
30
қаңтар
2026
Екі ұлы шың: Абай мен Пушкин
Екі ұлы шың: Абай мен Пушкин 108 мектеп-гимназиясында Орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында «Екі ұлы шың: Абай мен Пушкин» атты айтулы іс-шара өтті. 📚🇰🇿🇷🇺 Бұл кеш — екі халықтың рухани бойтұмарына айналған ұлы ақындардың шығармашылығын ұштастырған ерекше кездесу болды. Оқушыларымыз Абайдың терең пәлсапасы мен Пушкиннің сырлы лирикасын шебер жеткізе білді. ✨ Кеште: • Ақындардың өлеңдері мен қарасөздері оқылды; • Абай аударған Пушкин туындыларына талдау жасалды; • Ұлы тұлғалардың өмірінен
«Заңгерге сұрақ» атты кездесу
27
қаңтар
2026
«Заңгерге сұрақ» атты кездесу
Жетісу ауданы №108 мектеп-гимназиясында жоғарғы сынып оқушыларымен       «Заңгерге сұрақ» атты кездесуі өтті. Қоғамда әр адамның өз құқығы мен міндетін білуі – маңызды. Осы мақсатта біз бүгін заң саласының маманымен еркін форматта сұхбат құрып, көкейіміздегі сұрақтарға жауап алдық. Бүгін бізде қонақта тәжірибелі заңгер Жетісу ауданы аға жедел уәкілі, полиция капитаны Маукенов Марат Талгатұлымен және мектеп инспекторы Ернат Анварұлы. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы
26
қаңтар
2026
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша "Заң және тәртіп" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
"Балалар кітапханасы" жобасы
15
қаңтар
2026
"Балалар кітапханасы" жобасы
Кітап кейіпкерлері жан бітірді! ✨ театрдағыдай әсер! Бүгін мектебімізде «Балалар кітапханасы» жобасы ерекше форматта өтті. Бастауыш сынып оқушылары ертегілер желісімен сахналық қойылым ұсынды. 🎬 🎭 Неге бұл маңызды? Балалар кітап оқып қана қоймай, оны сахнада сомдау арқылы шығарманың мағынасын тереңірек түсінеді. Сөз сөйлеу мәдениеті мен актерлік қабілеттері шыңдалады. Бүгінгі күннің басты кейіпкерлеріне бір-бір ❤️ қалдырып кетіңіздер!
Біз буллингке қарсымыз!
14
қаңтар
2026
Біз буллингке қарсымыз!
Күш — біреуді ренжітуде емес, біреуді қолдауда! 💪 Буллингке қарсы тұру үшін батыр болу міндетті емес, тек немқұрайлы қарамау жеткілікті. Егер сен біреудің шеттетіліп немесе қысым көріп жатқанын көрсең — үндемей қалма. Біздің мектепте/ортада/қоғамда зорлық-зомбылыққа орын жоқ!