06
ақпан
2026
Өткенге тағзым – ұрпаққа аманат!
Өткенге тағзым – ұрпаққа аманат Бүгін №108 мектеп-гимназиясында Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына орай, соғыс ардагерлерімен «Ерлік – елге мұра» атты тағылымы мол кездесу кеші өтті.
Іс-шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, тарихтың ақтаңдақ беттерін ұмытпау және Отан алдындағы борышын адал атқарған батырларымызды ұлықтау.
Мектеп өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, ардагерлерге құрмет көрсетті.
"Бейбітшіліктің қадірін білу — әрбір жас ұрпақтың парызы. Біздің бүгінгі еркіндігіміз бен тыныштығымыз — кешегі батырларымыздың қаны мен терінің өтеуі."