21
қазан
2021
Мен Тәуелсіз елімнің патриотымын
Алматы қаласы Оқушылар сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Мен Тәуелсіз елімнің патриотымын!» атты қалалық мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауда Жетісу ауданы №108 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Еркінова Ақмарал 1 орын алса, Тогаева Аружан 2 орын, 7 сынып оқушысы Секенбек Гүлім 3 орын иегері атанды. Жетекшілер алғыс хаттар мен өлеңнің майын тамыза оқитын барша қатысушыларымыз сертификаттармен марапатталды. Жеңімпаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз.@kopd_mon_rk@edu.almaty @zetisu_roo @kokobayeva_gulnara
