Тогаева Аружан Ерболатқызы » Алматы каласы Жетісу ауданы №108 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 384 37 12
Есепші бөлімі:
+7(727) 383 24 78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тогаева Аружан Ерболатқызы
09
қыркүйек
2021

Тогаева Аружан Ерболатқызы

Мен, Тогаева Аружан Ерболатқызы , Алматы қаласы Жетісу ауданы №108 жалпы білім беретін мектептің 10"Б" сынып оқушысы , өзімді мектеп президенті болуға ұсынып отырмын.
2006 жылы 8-ші ақпанда Алматы қаласында дүниеге келдім.2011 жылы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап , озық ойлы оқушы болып , тек бестіктер алуға ұмтылып келдім.Бастауыш сыныпқа дейін математика саласын жаныма серік етіп , аудандық , Республикалық жарыстардан 2-3 орындарды иеленіп келдім.Осылайша бастауыш сыныпты сәтті аяқтап, орта буынға өттім.Орта буында қазақ тілі , қазақ әдебиеті сынды гуманитарлық пәндерге қызығушылығым артып , әп-сәтте шығармашылыққа ойыстым.Осы сәттен бастап ұстазымның қолдауымен түрлі жетістіктерге жетіппін.Ең алғашқыларының бірі осы жылы Тәуелсіздік қарсаңында ұйымдастырылғын "Еңсесі биік 25 жыл" атты байқаудан 3-орын , Республикалық "Химия" олимпиадасынан 1-орын , "Отабасы және поэзия " байқауынан бас жүлдені , "Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін" атты аудандық байқауда 1-орын тағы бас байқаулардың жеңімпазы болдым.
2019 жыл мен үшін естен кетпес ерекше жылдың бірі болды.Осы жылы 132 бет 5206 жолдан тұратаын "Қобыланды жырын" жатқа айтып аудандық кезеңнен жүлделі 1-орынды иелендім.Бұл ауқымды байқау менің есте сақтау қабілетімді кеңейтіп, сөздік қорымды байыта түсті.
Оқушы жетістіктері:
-2019 жылы мектеп өміріне белсене араласып , белсене үлес қосқаным үшін "Жыл оқушысы" атауын иелендім
-"Тәуелсіздік-тұғырым" атты байқауда 3-орын жүлдегері болдым
-Ағылшын тілінен өткен Республикалық Ұлттық олимпиадада 1-орын алдым
-2020 жылы Жетісу ауданының әкімшілігінен "Алғыс хатты" иелендім
-Абайдың 175 жылдығына орай өткен "Өлең сөздің патшасы - сөз сарасы" атты көркемсөз байқауынан "-орын алдым
-ҚР тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған "ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ" атты байқаудан 2-орын
-"Ақберен" өнер байқауынан 1-ші орын
-Республикалық Абайтану олимпиадасынан жүлделі 3-орын
-"Бабалар үні - ел дастаны" атты қалалық байқауының 1-ші орынды иегері
-"Отбасы-бақыт мекені" атты байқаудың бас жүлде иегері
-"Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін" атты қалалық байқаудың 1-орын жүлдегері.