Ағылшын тілі апталығы
Білім мен біліктілік апталығы: 108 мектеп-гимназиясы Мектебімізде ағылшын тілі апталығының жоспарланған іс-шаралары жоғары деңгейде өткізілуде. Бүгінгі шараның басты мақсаты — оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру және ағылшын тілді мәдениетпен таныстыру. Оқушыларымыз ағылшын тілінде еркін ой толғап, өздерінің жан-жақты екендіктерін дәлелдеп жатыр. Бұл апталық — жас полиглоттар үшін үлкен тәжірибе алаңы. Ұйымдастырушы ұстаздар мен белсенді оқушыларға алғыс айтамыз!